• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Елібаев М.Т.
Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚДБ мен Корея Республикасының қаржы институттары бірлескен жобаларды іске асыру үшін күш біріктіреді

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) Кореяның экспорттық-импорттық банкімен және K-Sure Корея сауда-сақтандыру корпорациясымен өзара түсіністік туралы меморандумдар жасасты. Құжаттарға қол қою Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльдің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында өткізілген Қазақстан-Корея бизнес-форумы аясында өтті.

Меморандумдарға ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев, Кореяның экспорттық-импорттық банкінің басшысы Хи-Сун Юн және Кореяның K-Sure Корея сауда-сақтандыру корпорациясының басшысы Ёнжин Чан қол қойды.

Бұл құжаттар стратегиялық маңызды жобаларды дамытуға және екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ете отырып, Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы іскерлік ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Қазақстанның Даму Банкі бұл мүмкіндіктерді инновациялық бастамаларды іске асыру және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін пайдалануға ұмтылады. Біз Кореяның экспорттық-импорттық банкімен және K-Sure-мен әріптестігіміз тұрақты экономикалық өсуге және экономиканың басым секторларының өзара тиімді дамуына ықпал ете отырып, екі ел үшін де елеулі пайда әкелетініне сенімдіміз.

Кореяның экспорттық-импорттық банкімен қол қойылған құжат энергетика, мұнай химиясы, өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылым және көлік, экология және қоршаған орта, баламалы энергетика, металлургия және тау-кен өнеркәсібі мен экономиканың басқа да секторларындағы стратегиялық маңызды жобаларды қаржыландыруға бағытталатын 50 млн АҚШ долларына дейінгі сомаға банкаралық кредит желісін ашуды көздейді.

K-Sure-мен өзара түсіністік туралы меморандум өндірісті дамытудың негізгі салаларында Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның қаржы институттары арасындағы мәмілелерді сақтандыру бойынша ынтымақтастықты нығайтуға бағытталады.

Бұдан басқа, құжат ағымдағы және әлеуетті жобалар мен іскерлік мүмкіндіктер туралы ақпаратпен алмасуды, қазақстандық және кореялық компаниялардың ынтымақтастығы жөніндегі бастамаларды қолдауды, олардың арасындағы байланыстарды дамытуды, экспорт және импорт үшін сақтандыру құралдарын ұсынуды, сондай-ақ тәжірибе алмасуды көздейді.

  • 14.06.2024
  • 196
Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика