- Блогтар
- Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.
Ақтөбе облысының әкімі
Ақтөбедегі Қарғалы ауруханасында көптен күткен стационарлық орталық ашылды
Жаңа орталық ауруханаға жапсарлас салынды, мұнда заманауи қабылдау бөлмесі, операциялық блок, реанимациясы және бөлімшелері бар.
Қарғалы ауруханасы мен емханасының қызметкерлері жыл сайын Қарғалы тұрғын алабындағы 300 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Былтыр медициналық мекеме әйелдерді 4000 рет босандырса, 2000 операция жасады. Ал тіркелген тұрғындар саны 50 мың адамға жетті.
Стационарлық орталықтың іргетасы 2020 жылы қаланды. Үш қабатты нысанда хирургиялық, терапия және қабылдау бөлімшелері соңғы үлгімен жасалған, тәулік бойы қызмет көрсетіледі. Мұнда ем іздеп келгендер диагностикалық процедуралардың барлық түрін алдыңғы қатарлы аппараттарда өте алады. 4 хирург, 4 терапевт, УДЗ, ФГДС, отоларинголог және рентген диагностикалық кабинеттерінде жұмыс істейтін 5 маман қайта даярлаудан өткен.
- 17.06.2024
- 122