• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысының әкімі жергілікті өнім өндірушілерді қолдауды тапсырды

17 маусым күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өңдеу өнеркәсібінің дамуы жөнінде жиын өтіп, атқарылып жатқан жұмыстар мен кедергілер, жергілікті өнімге сұранысты арттыру мәселесі сөз болды, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Биыл өңдеу өнеркәсібі саласында 270 млрд теңге көлемінде өнім шығарып, нақты көлем индексін 101,7%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Венера Мұстапаеваның айтуынша, өңдеу өнеркәсібі саласындағы өнім көлемін ұлғайту мақсатында 2024-2029 жылдары аралығында 23 жоба жүзеге асырылады. Оның ішінде, химиялық өндіріс, газ өңдеу, машина жасау салаларына басымдық берілген.

Оған қоса Маңғыстауда инвесторлардың көмегімен 23,7 трлн теңгеге 9 жоба жүзеге асып жатыр. Егер аталған инвестициялық жобалар уақытылы орындалса, 3 600 тұрақты жұмыс орны құрылады. Ал қазір 6 500 адам өндірістің құрылыс кезеңінде жұмыс істеуде.

Биыл Бейнеу астық терминалының жұмысы қалпына келтіріліп, іске қосылады. Сондай-ақ түтіктер мен сорғыш штангалар шығаратын зауыт пайдалануға беріледі.

Бұдан бөлек арнайы экономикалық аймақты кеңейту жұмыстары қолға алынды. «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ-нің басқарма төрағасының орынбасары Бағлан Кеңбейіловтың айтуынша, Жаңаөзен қаласының индустриялық аймағын 280,8 га және Бейнеу астық терминалының аумағын 22,5 гектарға кеңейту көзделген. Осылайша, АЭА-ның аумағы кеңейту жұмыстары жүргізілген соң 1 926 гектардан 2 716,4 га ұлғаяды.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаларды көбейту және «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсету қажет екенін шегеледі.

«Соңғы уақытта нарықтағы бәсекелестіктің дұрыс жүргізілмеуі салдарынан өңірдегі көп мекеменің жұмысы тоқтап қалды. Бұл олқылықтың орнын толтыру қажет. Алдымен жергілікті кәсіпорындардың жұмысын дұрыс жолға қойып, өнімдеріне сұранысты арттыру өте маңызды. Мұны жобалық-сметалық құжаттарды әзірлегенде ескеріңіздер. Алдын ала жергілікті өнімдерге сараптама жасаңыздар. Өйткені сырттан алынатын кей тауарды жергілікті кәсіпкерлер де шығарып жатыр. Екіншіден, өңдеу өнеркәсібінің тағы бір бағыты ретінде ауыл шаруашылығы саласының дамуына ден қою қажет. Әр ауданнан арнайы экономикалық аймақ ашуды қарастырайық. Сонда біршама жеңілдігі бар экономикалық аймақтарға инвесторлар келіп, ауылдарда жаңа өндірістер ашылып, сәйкесінше жұмыс орындары көбейер еді», - деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

  • 20.06.2024
  • 178
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика