• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысының әкімі Каспий теңізінде суға кеткен балаларға алаңдаушылық білдірді

18 маусым күні аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен аппараттық жиында жазғы шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары талқыланды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысында ауа райына байланысты биыл суға түсу маусымы ерте басталды. Қазіргі таңда шомылуға тыйым салынған 10 және рұқсат етілген 41 орын анықталды, оның ішінде 10-ы коммуналдық жағажай.

Биыл жаз маусымы басталғалы 3 адам мерт болды, оның біреуі бала. Ал күні кеше Қарақия ауданы, Құрық ауылынан 3 шақырым жердегі жағажайда 2011 жылы туған бала суға батып кетті.

Облыста шомылуға тыйым салынған орындарда суға бату фактілердің басым бөлігі Ақтау қаласында орналасқан «Шора» және «МАЭК» каналдарында, сондай-ақ 4 «а» шағынауданындағы «Тарасик» аймағында тіркелген.

Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Мұханов шомылу маусымы кезеңінде халықтың қауіпсіздігін ұйымдастыру жұмыстарының қарқынды жүріп жатқанын баяндады.

Алайда, құтқарушылармен жүргізіліп жатқан үгіт-насихат және патрульдеу жұмыстарына қарамастан тұрғындар тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда суға түсуін жалғастыруда. Әсіресе жасөспірімдер арасында жартастан суға сүңғу фактілері күннен-күнге өсуде.

Жиын барысында судағы келеңсіз оқиғаларға алаңдаушылық білдірген облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай шомылу маусымында қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау бойынша нақты тапсырмалар берді.

- Суға батып кетудің негізгі себебі - өз күштерін асыра бағалау, ішімдік ішкен күйінде шомылу және балалардың ересек адамның қарауынсыз қалуы. Адам қауіпсіздігі бірінші орында. Қала әкімдігіне 1 апта ішінде Ақтаудағы тұрғындар суға көп түсетін орындардағы жартасқа судан шығуға арналған баспалдақ орнатуды тапсырамын. Сонымен қатар, жоғарыда атап өткендей, мас күйінде суға шомылу салдарынан да қайғылы оқиғалар жиі болады. Жағажайларда ішімдік сатуға тыйым салу үшін жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тиісті алгоритм жасақтау қажет. Сондай-ақ, көлік бақылау инспекциясы жағажайлардағы су көліктерінің қауіпсіздігіне тексеріс жүргізу керек, - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Соңғы жаңалықтар

  • 20.06.2024
  • 187
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика