• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Су тасқыны: Ақтөбе қаласында 44 отбасы қоныс тойын тойлады

Бұл жаңа пәтерлерді сатып алуға Болат Өтемұратов қоры қаржы бөлді.

 Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жалғасуда. Бүгін облыс орталығында баспанасы қалпына келтіруге келмейтін 44 отбасы жаңа пәтерлеріне кірді.

 Облыс әкімі Асхат Шахаров қордың  директоры Марат Айтмағамбетовпен бірге жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады. Өңір басшысы құттықтау сөзінде ынтымақтастық пен ұйымшылдық, ауызбіршілік көрсетіп, шыдамдылық танытқан әрбір ақтөбелікке алғысын жеткізді. Қазіргі таңда ең басым бағыт – су тасқынынан зардап шеккен облыс тұрғындарының барлығын баспанамен қамтамасыз ету екенін тілге тиек етті.

«Не себепті біз Ақтөбе қаласының тұрғындары үшін пәтер кілтін табыстауды кешіктірдік? Өйткені, бұл –жаңа пәтерлер. Ішін әрлеп, жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Міне, бүгін 44 отбасы жаңа баспаналы болып жатыр. Президент үндеуін жауапсыз қалдырмаған меценаттардың арқасында өңірдегі су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға пәтер сатып алынып, үйлердің құрылысы жүргізілуде. Біз бұл жұмыстарды тоқтатпаймыз. Жерлестерімізді қолдау шаралары әлі де жалғаса бермек.  Облысымызды табиғи апаттан кейін қалпына келтіруде белсенді көмек пен қолдау көрсеткені үшін Болат Өтемұратов қорына ризашылығымызды білдіреміз»,

- деп атап өтті Асхат Шахаров. «Алтын Орда» ықшам ауданынан берілген 18 жаңа үй – екі және үш бөлмелі, 60-тан 95 шаршы метрге дейін. Ал қалған 26 пәтер – «Юнис Сити» шағын ауданы және Есет батыр тұрғын алабынан берілді. Қор аймақ тұрғындарына көмек көрсету үшін Ақтөбе облысының әкімдігімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарылғанын алға тартты.

«Біздің мақсатымыз – адамдарға қиын сәттерде қолдау көрсету, оларды жайлы баспанамен қамту және табиғи апаттан кейінгі қалыпты өмірге оралу үшін жағдай жасау. Қоныстанушылар өз пәтеріне тезірек кіріп, жақсы өмірге қадам басады деп үміттенеміз»,

- деді Марат Айтмағамбетов. Оның айтуынша, баспанасыз қалған ақтөбеліктерге жақын арада тағы 56 пәтер сатып алу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, тамыз айында Қобда ауданында тапсырылады деп жоспарланған шамамен 150 үйдің құрылысы қарқынды. Қор 2024 жылдың қыркүйегіне дейін Ақтөбе аймағындағы 400-ден астам отбасын баспанамен қамтуды жоспарлап отыр.

 Айтып өтейік, алдын ала ақпаратқа сәйкес, облыс бойынша барлығы 4087 үй судан зардап шекті, оның ішінде 1003 үй апатты деп танылды, 3084 үй жөнделмек. 486 үй мен пәтер сатып алынады, 517 үй салынып жатыр. Қазіргі уақытта 250 үй мен пәтер сатып алынды.

 

  • 21.06.2024
  • 182
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика