• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Елібаев М.Т.
Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚДБ индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларға Қытайдың қаржы институттарынан инвестициялар тартады

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) АӨК, инфрақұрылым, өңдеу өнеркәсібі және «жасыл» энергетика салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ұзақ мерзімді қаржы ресурстарын тарту бойынша Қытайдың жетекші қаржы институттарымен келісімдерге қол қойды.

Құжаттарға қол қою ағымдағы жылы Қазақстан төрағалық етуші ел болып табылатын Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті қарсаңында өткізілетін Астанадағы Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің аясында өтті.

Қытай құрылыс банкінің (China Construction Bank)Астанадағы бөлімшесімен стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім ҚДБ-ға 500 млн АҚШ доллары сомасына жеңілдетілген кредиттік қаражат беруді көздейді. Банк бұл қаражатты инвестициялық жобаларды қаржыландыруға жұмсайды.

Қытайдың мемлекеттік даму банкімен (China Development Bank) негіздемелік келісім ҚДБ-ға бірқатар инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағытталатын 250 млн АҚШ доллары және 2 млрд Қытай юані сомасына жеңілдетілген кредит беруді көздейді. Олардың бірі жалпы ұзындығы 5 мың шақырымнан асатын республикалық маңызы бар автожолдарды қалпына келтіруге қатысты. Жоба Қазақстанның барлық аумағында іске асырылатын болады және өңірлердің көліктік-логистикалық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді. Осы мақсатта ҚДБ «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ-ның 450 млрд теңгеге баламалы кредит желісін ашты.

Сондай-ақ ҚДБ, China Power International Holding және «Алматы қаласындағы Қытайдың сауда-өнеркәсіп банкі» АҚ арасында Ақмола облысында жалпы қуаты 220 МВт жел паркін салу жобасы бойынша синдикатталған қарыз беру ниеті туралы келісімге қол қойылды. Жоғарыда аталған қатысушылардан басқа, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің синдикатына қатысу жоспарлануда. Бұл инвестициялық жоба бес жел электр станциясының құрылысын көздейді: Борей ЖЭС (100 МВт), Energo Trust ЖЭС (50 МВт), Софий ЖЭС (39 МВт), Арқалық ЖЭС (17 МВт) және Jasil Jel Energy ЖЭС (14,95 МВт), олар өңірді экологиялық таза электр энергиясымен қамтамасыз етуге және атмосфераға зиянды шығарындыларды азайтуға мүмкіндік береді. Жалпы, бұл жоба Қазақстанның 2060 жылға қарай жаңартылатын және баламалы энергия көздерінің үлесін елдің жалпы энергия теңгерімінің 80%-на дейін жеткізу жоспарларына сәйкес келеді.

Тағы бір маңызды құжат қуаты жылына 1 млн тонна бидайды терең кешенді өңдеу бойынша инвестициялық жобаны іске асыруды көздейтін ҚДБ, «Shijixianghe Asia Pte. Ltd.» компаниясы және «Қазақстанның астық консорциумы» ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум болды. Жоба халықаралық нарықтарға экспорттау мүмкіндігімен терең өңделген өнім өндіруге бағытталған.

«Бұл келісімдер Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік ынтымақтастықты кеңейтеді, Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған елімізде стратегиялық маңызды жобаларды іске асыру үшін мүмкіндік туғызады. Біз Қытайдан келген серіктестермен ынтымақтастығымыз екі ел үшін де айтарлықтай пайда әкелетініне сенімдіміз. Біз үшін инвестициялар тағам өнеркәсібі және баламалы энергетика сияқты маңызды салаларға бағытталатыны маңызды», - деп атап өтті ҚДБ басшысы Марат Елібаев.

  • 03.07.2024
  • 235
Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика