- Блогтар
- Елібаев М.Т.
Елібаев М.Т.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы
ҚДБ орта және ірі бизнес үшін кредиттер бойынша кепілдік беру құралдарын кеңейтеді
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) екінші деңгейдегі банктерде (ЕДБ) орта және ірі бизнеске кепілдік берудің жаңа тетіктерін таныстырды.
Тетіктер Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ҚДБ Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп әзірлеген және ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру ережелерімен (Ереже) бекітілді.
Ереже аясында ҚДБ кепілдігін беру құралдарына екі жаңа тетік енгізіледі:
-
тәуекелдер үшін комиссияны субсидиялай отырып, кәсіпкерлік субъектілеріне ҚДБ кепілдігін беру;
-
ЕДБ-нің жеңілдетілген қаржыландыруын ұсына отырып, кәсіпкерлік субъектілеріне ҚДБ кепілдігін беру.
Тәуекелдер үшін комиссияны субсидиялай отырып, ҚДБ кепілдіктері мынадай жобаларды іске асыратын Қазақстан кәсіпкерлеріне беріледі:
- қаржы институттарының кредиттерін пайдалана отырып, жаңа өндірістерді құру және қолданыстағы өндірістерді жаңғырту үшін орта және ірі инвестициялық жобалар (жобалық қаржыландыруды қоса алғанда).
Кепілдік сомасы 3,5 млрд теңгеден 20 млрд теңгеге дейін. Кепілдік мерзімі – 10 жылға дейін.
- кәсіпкерлер экспорттық сатуды ұлғайту үшін айналым қаражатын толықтыруға ЕДБ-нің қысқа мерзімді қаржыландыруын пайдаланатын экспорттық операциялар.
Кепілдік сомасы 1 млрд теңгеден 7 млрд теңгеге дейін. Кепілдік мерзімі – 3 жылға дейін.
ҚДБ кепілдігін бергені үшін тетік республикалық бюджет есебінен комиссия төлеуді көздейді. Бұл ретте ҚДБ кепілдігі кәсіпкердің ЕДБ-де алған қарыз сомасының 90%-на дейінгі көлемін құрайды.
Ағымдағы жылдың соңына дейін ҚДБ осы тетік аясында кемінде 100 млрд теңге сомасына кепілдік беруді жоспарлап отыр.
ЕДБ жеңілдетілген қаржыландыруды ұсына отырып, кепілдік беру тетігі банктердің жеңілдетілген шарттармен (11,5% аспайтын мөлшерлеме бойынша) ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды кредиттеуі үшін көзделген. Бұл ретте ҚДБ-ның ішінара кепілдігі бойынша тәуекелдер үшін комиссия төлеуді (қарыз сомасының 50%-на дейін) ЕДБ кредит бойынша сыйақы есебінен жүзеге асырады. Бұл тетік 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Кепілдік берудің жаңа құралдары орта және ірі бизнеске ЕДБ-де капиталға қол жеткізу үшін көбірек мүмкіндік ашады және инвестициялық жоспарлар мен экспорттық келісімшарттарды жүзеге асыруға көмектеседі. ЕДБ, өз кезегінде ҚДБ кепілдігі түрінде жоғары сапалы кепілді пайдаланудың арқасында кредиттік тәуекелдерді төмендете алады және қаржыландырылатын жобалар санын ұлғайта алады. Тұтастай алғанда, ҚДБ мен ЕДБ арасындағы ынтымақтастық ымырасы ұзақ мерзімді қарыздарды құрылымдау мен қаржыландырудағы экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында орта және ірі бизнестің дамуын ынталандыра отырып, кредиттік ресурстардың қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.
ҚДБ ағымдағы жылы жаңа тетік аясында алғашқы мәмілені мақұлдады. Бұл «Састобе» инновациялық кешені» ЖШС каустикалық сода мен поливинилхлорид (ПВХ) өндіретін зауыт салу жобасы. Жобаны іске асыру үшін 15 млрд теңге сомасына «Қазақстан Халық Банкі» АҚ пайдасына ҚДБ-ның кепілдік беру тетігі қолданылатын болады. Түркістан облысындағы жаңа зауыт қазақстандық мамандар үшін 346 жұмыс орнын ашады. Өндірістің толық қуатымен зауыт жылына 100 мың тоннаға дейін каустикалық сода және 120 мың тонна ПВХ шығарады. Қазақстанда ПВХ өндірісі жоқ екендігін атап кету керек.
ҚДБ ЕДБ мен орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін ынтымақтастыққа шақырады. Www.kdb.kz мекенжайы бойынша Банктің ресми сайтында немесе Клиенттермен жұмыс жасау дирекциясына хабарласу арқылы кепілдік берудің жаңа тетіктері туралы толық ақпарат алуға және өтінім беруге болады (байланыстар сайтта көрсетілген).
- 04.07.2024
- 179