• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин және Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жаңа Салық кодексінің негізгі тәсілдері мен жаңашылдықтарын таныстырды

Өз сөзінде Азамат Әмрин әділ салық салу мен әкімшілендіру үдерістерін оңайлатуға баса назар аударылғанын атап өтті. Жаңа тәсілдер мен жоспарланған өзгерістер Салық саясатының тұжырымдамасында көрсетіледі, ал түйткілді мәселелерді бірізді түсіндіру үшін Премьер-Министрдің орынбасары деңгейінде Әдістемелік кеңес құру жоспарлануда. Кеңес жұмысына «Атамекен» ҰКП, сарапшылар мен салалық мемлекеттік органдар тартылады.

ҚҚС (қосылған құн салығы) мөлшерлемесі 12% деңгейінде сақталады, ал салықты қайтаруды жеделдету үшін процесс толығымен автоматтандырылады. Корпоративтік табыс салығының дифференциалды мөлшерлемесін енгізу ұсынылады. Базалық мөлшерлеме 20% деңгейінде сақталады, банк секторы мен ойын бизнесі үшін мөлшерлеме 25% деңгейінде белгіленеді. Өңдеу өнеркәсібі, қаржылық лизинг және әлеуметтік сала үшін мөлшерлеме 10% дейін төмендейді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін мөлшерлеме 3% деңгейінде сақталады.

Инвестицияларды ынталандыру үшін инвестициялық келісімшарттар және АЭА қатысушылары бойынша КТС, жер салығы және мүлік салығынан 100% босату қарастырылған.

Сондай-ақ, азаматтардың БЖЗҚ (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) төлемдерінен 10% жеке табыс салығын алып тастау жоспарлануда. Бұл зейнеткерлерді қосымша қолдау болып табылады.

 «Сән-салтанат» заттарына салық салуға келер болсақ, жалпы құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік нысандары бойынша мүлік салығының жоғарылатылған мөлшерлемелері, кедендік құны 75 млн теңгеден асатын жеңіл автокөліктер бойынша көлік салығының жоғарылатылған мөлшерлемелері, қымбат алкоголь мен темекі өнімдері, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен әуе көліктеріне 10% мөлшерінде қосымша акциз салу ұсынылады.

«Барлық жеке тұлғалар үшін көлік салығы мөлшерлемесін төмендету ұсынылады: егер көліктің қызмет етe мерзімі 10 жылдан асса мөлшерлеме 30%-ға, ал егер де 20 жылдан асса 50%-ға төмендейді», - деп атап өтті вице-министр.

Бұдан бөлек, құжатта тиімсіз пайдаланылатын жерлерге базалық мөлшерлемеден 40 есе жоғары жер салығын енгізу ұсынылады.

Жаңа Салық кодексінің жобасы 2024 жылғы 5 шілдеге дейін талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында қолжетімді.

  • 05.07.2024
  • 212
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика