• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Елібаев М.Т.
ҚДБ ТКШ нысандарын жаңғырту бойынша инвестициялық жобаларға 300 млрд теңге бағыттайды

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы жобаларын қаржыландырудың 2024-2029 жылдарға арналған бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр.  

 

Бағдарлама мемлекеттің әлеуметтік саясатының бір бөлігі болып табылатын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерінің тозу проблемасын шешуге бағытталған. Бұл кез келген елдің үкіметі үшін күрделі және маңызды міндет болып табылатын муниципалдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі жобаларды ұзақ мерзімді бюджеттен тыс қаржыландырумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасының операторы ҚДБ болады. Жергілікті атқарушы органдар табиғи монополиялар субъектілерін кейіннен жеңілдетілген шарттармен қаржыландыру үшін облигациялық қарыз құралын қолданады деп жоспарлануда. Осылайша, табиғи монополиялар субъектілері электрмен және жылумен жабдықтау желілерін салу және жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыра алады.

 

Бастапқы кезеңде қаржыландырудың жалпы көлемі 300 млрд теңгені құрайды. Қаржыландыру көзі – бюджет қаражаты және нарықтық қорландыру.

 

Сондай-ақ, жобалар талаптарға сәйкес келген жағдайда, ҚДБ табиғи монополиялар субъектілеріне ұзақ мерзімді жеңілдетілген қаржыландыруды тікелей ұсынуды жоспарлап отыр. Бұл ретте әрбір қарыз мерзімі 14 жылға дейін болады.

 

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ТКШ объектілерін жаңғырту, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту деңгейін арттыру, елдің тұрғын үй қорын ұлғайту және жаңарту жоспарлануда.

 

Www.kdb.kz мекенжайы бойынша Банктің ресми сайтында немесе Клиенттермен жұмыс жасау дирекциясына хабарласу арқылы Бағдарламаның шарттары туралы толық ақпарат алуға және өтінім беруге болады (байланыстар сайтта көрсетілген).

  • 15.07.2024
  • 205
Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика