• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Олжас Бектенов Ақтөбе облысының су тасқынынан зардап шеккен ауылдарында үй құрылысы мен инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмысының қарқынын тексерді

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында су тасқынынан зардап шеккен Темір және Ойыл аудандарының тұрғындары үшін салынып жатқан жаңа үйлер құрылысының қарқынымен танысты. Осы жылдың 17 шілдесінде өткен Су тасқынынан кейін тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру мәселелері жөніндегі кеңесте әкімдік пен тиісті министрлікке берілген жұмыстарды жеделдету, күштер мен арнайы техниканы жұмылдыру бойынша тапсырмалардың орындалуы тексерілді. 
 
✔ Олжас Бектенов Ойыл ауданы Қаратал ауылында салынып жатқан үйлерді аралап көрді, бұған дейін олардың жоспардан 15-25 күнге кешігуі туралы мәселе көтерілген болатын. Елді мекенде су тасқыны салдарынан 210 ғимарат зақымданды, оларды тексеру жұмыстары толығымен аяқталды. Ауыл тұрғындары үшін қайталама нарықтан 60 үй сатып алынды. Жөндеуге жататын 18 нысан бойынша тиісті төлемдер жүргізілді. Ауылда тұруға жарамсыз деп танылған үйлердің орнына 132 тұрғын үй салынып жатыр.
 
🔺 Премьер-Министр мердігер компаниялардың арнайы техникамен және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілу жағдайымен танысты. Қазіргі таңда 132 үйдің барлығының іргетасы құйылып, 120 үйде қабырға қалау жұмыстары аяқталды, 65 үйдің шатыры жабылды, ал 30 үйдің ішкі құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олжас Бектенов құрылыс алаңдарына қосымша күш пен арнайы техника тартуды тапсырды.
 
Премьер-Министр Темір ауданы Құмсай ауылындағы құрылыс барысын тексерді. Су тасқыны салдарынан мұнда 46 тұрғын үй зақымданды. Ауыл тұрғындары арнайы сатып алынған 18 үйге қоныстанды, 7 үй жөндеуден өтті. 21 жаңа үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр, қазіргі уақытта қабырға қалау жұмыстары толығымен аяқталды. 19 жаңа ғимараттың төбесі жабылса, оның 6-ында ішкі құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
 
Премьер-Министрге Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев тұрғын үйді, инфрақұрылымды қалпына келтіруге және өтемақы төлеуге қатысты өңірдегі қазіргі жағдай туралы баяндады. 
 

«Инфрақұрылым мен тұрғын үйлер су тасқынынан қатты зардап шекті. Президент жолдар мен әлеуметтік нысандарды реконструкциялауды, үйлерді қалпына келтіруді және жаңадан салуды тапсырды. Барлық тапсырмалар қысқа мерзімде орындалуы тиіс. Бұл үшін әкімдіктерге Үкімет пен салалық министрліктерден толық қолдау көрсетіледі», — деп атап өтті Олжас Бектенов.


 
➤ Үкімет басшысы облыс аумағында орналасқан гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне жеке тоқталды. Мәселен, 206 құрылымның 15-і қираған. Су тасқынының салдарын жою үшін қазіргі уақытта қажетті жұмыстар жүргізілуде. Гидроқұрылыстар бойынша барлық процестерді жеделдету, сондай-ақ 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында қауіптің алдын алу туралы тапсырмалар берілді.
 
▪ Сонымен қатар өңірде 58 көлік инфрақұрылымын қалпына келтіру жоспарланып отыр. Бұзылған жолдарды жөндеу және реконструкциялау үшін ҚР Үкіметінің резервінен 10,2 млрд теңге, облыстық резервтен 6,4 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта сараптама нәтижелері күтілуде.

Барлығы 100 су өткізгіш құбырды, 23 көпірді, 47,2 км жолды салу және жөндеу жоспарда бар.

  • 23.07.2024
  • 154
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика