- Блогтар
- Дүйсембиев Ж.Ж.
Дүйсембиев Ж.Ж.
ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
Абай және Жетісу облыстары бойынша кеден бекеттеріндегі жұмысты жаңғырту
2024 жылғы 12-13 шілдеде Абай және Жетісу облысындағы «Бақты» және «Алакөл» өткізу пункттеріне жұмыс сапары өткізілді. Мақсаты "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде және ҚР ҚМ МКК ахуалдық орталығында орналасқан өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру"жобасы бойынша құрылыс жұмыстарын таныстыру және бақылау болды.
Жобаның бас мердігерімен және өткізу пункттерін қайта құрумен айналысатын қосалқы мердігерлік ұйыммен кездесу барысында қосымша жұмыс бірліктерін тарта отырып, құрылыс-монтаждау жұмыстарының қарқынын жеделдету, жолаушылар ағынын қалпына келтіру үшін уақытша құрылыс салуға алаң дайындау, объектіге қосымша құрылыс материалдарын жеткізу, сондай-ақ басқа да бағыттар бойынша мәселелер талқыланды.
Ағымдағы жылдың соңына дейін өткізу пункттерін салу және реконструкциялау бойынша міндеттер қойылған.
- 29.07.2024
- 131