• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қарағанды - еліміздегі цифрландыру және IT-салаcы орталықтарының бірі

Бүгінде біздің қаламызда ірі IT-компаниялар жұмыс жасап, жасанды интеллект күнделікті өмірімізге еніп жатыр. Мұның барлығы тұрғындардың мәселелерін жедел шешуге, сондай-ақ басқару жүйесін тиімді етуге мүмкіндік беріп отыр.

Мысалға алар болсақ, аймақтағы 49 медициналық ұйымда жасанды интеллект арқылы медициналық зерттеулерді түсіндіру сапасын жақсартатын PACS-жүйесі жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде 2,7 миллионнан астам радиологиялық зерттеулер жүргізілді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 1 шілдеден бастап Қарағанды мен Теміртауда 22 жаңа «Жаяу жүргінші» кешені орнатылды. Бұл жүйелер салынатын айыппұлдарға бейнедәлелдерді бере отырып, жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі бұзушылықтарды тіркейді. Бұл технология жол төсемін бақылау және шұңқырларды анықтау үшін де қолданылады.

Биыл біз жолдардағы кептелістерді азайту үшін «Ақылды бағдаршамдар» жобасын іске қосып жатырмыз. Жаңа жүйе көлік ағынының қарқындылығын ескере отырып, жол қиылыстарындағы қозғалысты реттейтін болады.

Ал күзде облыс мектептерінде жеке тұлғаны биометриялық сәйкестендіру жүйесі енгізіледі. Оқушылар алақандарын басып мектепке, кітапханаға кіріп, түскі астың ақысын төлей алатын болады. Ата-аналар болса, балаларының қозғалысы туралы хабарлама алып, олардың  тамақтануын бақылай алады. 2024 жылы бұл жоба 132 мектепті, ал 2025 жылы тағы 268 мектепті қамтып, облыс аумағында 100% толықтай енгізіледі.

Қазіргі уақытта аймағымызда «Террикон даласы» IT-хабы мен Қарағанды индустриалдық университеті жасанды интеллект бойынша мамандарды белсенді даярлауда. Сондай-ақ біз тұрғындарымыздың құпия деректері қорғалуы үшін қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударамыз. Барлық тәуекелдер жаңа технологияларды енгізетін компаниялармен жасалған шарттарда ескеріледі.

Біздің мамандар бұл саланы одан әрі дамытып, ЖИ қолданылу аясын  кеңейтетіндеріне сенімдімін. Мұның бәрі тұрғындардың өмір сапасына оң әсер етіп, олардың қауіпсіздігін арттыруы керек.

  • 31.07.2024
  • 179
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

Бөлекпаев Е.Қ.
(Мұрағат)

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика