- Блогтар
- Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.
ҚР Энергетика министрі
ОҚК-де өткен брифингте энергетика вице-министрі Б. Ілияс ОЭК цифрландыру туралы айтты
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Энергетика вице-министрі Ілияс Бақытжан ҚР отын-энергетика кешенін цифрландыру барысы туралы айтып берді.
Энергетика вице-министрінің айтуынша, бүгінгі таңда Министрлік ақпараттық жүйелер арқылы жетекшілік ететін салалардағы ресурстардың күнделікті есебін жүргізеді: мұнай айналымының 95,8% цифрландырылды (36 мұнай өндіруші, 4 мұнай тасымалдау ұйымы, 7 МӨЗ (мұнай өндіруші зауыт іске қосылды), 26 мұнай өңдеу зауыты, 10 мұнай базасы, 3155 АЖҚС бойынша есеп жүргізілуде, egov.kz порталда газдандыру бойынша техникалық шарттарды алуға өтініштерді қабылдау бойынша сервис іске қосылды, автожанармай құю станциясында жанар-жағармайдың болуы бойынша сервис (azskz_bot чат-боты) құрылды.
2024 жылдың соңына дейін энергия ресурстарын есепке алуды цифрландыру, жасанды интеллект элементтерін пайдалана отырып, мұнай, ЖЖМ мен автогазын жеткізу жоспарларын автоматтандыру арқылы энергия ресурстарын бөлуді цифрландыру, энергетика субъектілері мен объектілерін паспорттау, ОЭК геоақпараттық жүйесін әзірлеу, біртұтас технологиялық платформаға көшу, барлық қолданыстағы ақпараттық жүйелерді біріктіру және т.б.
Мемлекет басшысының 2024 жылғы 7 ақпандағы экономика салаларын цифрлық трансформациялау карталарын әзірлеу туралы тапсырмасын орындау шеңберінде Министрлік Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін цифрлық трансформациялау картасын әзірледі.
ҚР ЭМ цифрлық трансформациялау картасы саланы цифрландыру жөніндегі жұмысты жалпы үйлестіру, Министрлік пен ведомствоның ОЭК субъектілері арасындағы өзара іс-қимылдың барлық бизнес-процестерін автоматтандыру үшін жағдаяттық-талдау орталығын құруды көздейді. Деректерді басқару жүйелерінде жасанды интеллект енгізуге ерекше назар аударылады.
Шағын ауқымы ЖЭК көздерін және энергия жинақтау жүйелерін, интеграцияны сынақтан өткізу және техникалық регламенттерді әзірлеу үшін тарату желілері бар электр зарядтау станцияларын интеграциялау жөніндегі бірлескен пилоттық жобаларды іске асыру мақсатында трансұлттық компаниялармен ынтымақтастық жоспарлануда.
Мұнай жеткізу кестесін қалыптастыруға байланысты мемлекеттік функцияны жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Жобаның мақсаты саяси, экономикалық немесе өзге де факторлар негізінде кемсітушіліктің кез келген мүмкіндігін болдырмай, нарықтың барлық қатысушылары үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.
Бөлудің цифрлық моделі нарықтың барлық субъектілерінің қажеттіліктерін автоматты және объективті түрде ескеруге мүмкіндік береді, осылайша ресурстарды әділ және тиімді бөлуді қамтамасыз етеді. Бұл жаңалық нарыққа қатысушылар арасындағы ашықтық пен сенімділікті арттыруға бағытталған, бұл өз кезегінде елдің энергетикалық секторының тұрақты дамуына ықпал етеді.
Цифрлық трансформация офисі өтінім беру және жеткізу кестесін бөлу рәсімдерін оңтайландыру және жеңілдету үшін заманауи цифрлық технологиялар мен тәсілдерді біріктіру арқылы осы процесте шешуші рөл атқарады.
Қолданыстағы ақпараттық жүйелерді (БМБЖ, МЕАЖ, ЭЦП) жаңғырту мақсатында оларды отын-энергетикалық кешенді бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесіне (БМБЖ ОЭК) біріктіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Әртүрлі математикалық құралдар мен машиналық оқыту алгоритмдерін (ML) пайдалана отырып, деректердің үлкен көлемін талдау мақсатында «Деректерді басқару және жасанды интеллектіні дамыту» жүйесін енгізу, кіріс деректерінің кросс-валидациясын жүргізу, дэшбордтар түріндегі деректерді визуализациялау.
Энергетика вице-министрі Б.Ілияс сөзін қорытындылай келе, отын-энергетика кешенін цифрландыру саланың дамуына, оның тиімді әрі ашық болуына ықпал ететінін атап өтті. Цифрлық платформалар мен үлкен деректердің арқасында өндірістік процестерді оңтайландыруға, шығындарды азайтуға және энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыруға болады. Энергия ресурстарын өндіру, өңдеу және тұтыну туралы деректердің ашықтығы басқару шешімдерінің сапасын арттыруға, тәуекелдерді азайтуға және тиімдірек жоспарлауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
- 31.07.2024
- 98