• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

Ақтауда облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Комиссия отырысында кәсіпкерлікті қолдау саласында жұмыс істейтін ұйымдардың қызметі қаралды.

Отырыс барысында бірінші болып сөз алған “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Маңғыстау облысы бойынша өңірлік филиалының директоры Берік Қадыров Даму қоры кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсетіп жатқанын жеткізді. 

Айта өтейік, «Даму» Қорының барлық қызметі – тегін. Қор бөгде кеңесші, делдалдармен жұмыс істемейді. Қор арқылы субсидия немесе кепілдік алу үшін ешкімнің ақша талап етуге немесе дәметуге құқы жоқ. Себебі өтінім беруден бастап, шартқа қол қоюға дейінгі барлық қызмет цифрланған.

Ал, “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ-ның облыстық филиалының директоры Ернат Каковтың мәліметінше, филиал «Агробизнес», «Агробизнес НС», «Еңбек», «Жас ұрпақ» Жастар бастамасын несиелендіру бағдарламалары бойынша несиелендіру жұмыстарын жүргізуде. 

Жиын барысында облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Дастан Мұраталиев әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің баға тұрақтылығын қамтамасыз етудегі атқарылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу шаралары туралы айтты. 

—Облыста әлеуметтік  маңызы бар азық – түлік тауарларының бағасына қатысты арыз – шағымдарды қабылдау бойынша байланыс орнатылған. Өңірдегі азық – түлік тауарларының бағаларына және олардың қорларына күнделікті мониторинг жүргізілді. Апта сайынғы негізде әр аудан және қала орталықтарында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері мен көтерме жеткізушілерінің – 182 жәрмеңкелері өткізілді, - деді Дастан Мұраталиев. 
 
Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай сыбайлас жемқорлыққа мүлдем жол берілмеу қажеттігін атап өтіп, бірқатар тапсырмалар жүктеді. 

-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ешқандай заңсыздық болмауы керек. Біз бәріміз заң алдында теңбіз, мұны бәрі білуі тиіс. Халықтың ең бірінші кезекте сұрайтыны - ол азық-түлік, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар тағамдардың бағасын тұрақтандыру. Атқарушы билік құқық қорғау органдарымен бірлесе көтерме саудамен айналысушылардың жұмысына мониторинг жүргізіңіздер. Азық-түлік бағасын еселеп өсіріп отырғандар болса анықтап, тиісті шарасын алу керек. Біздің басты мақсатымыз - халықтың көп тұтынатын ас-суының бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермеу,-деді Нұрдәулет Қилыбай.

  • 05.08.2024
  • 97
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика