• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрдәулет Қилыбай ауылдағы медициналық қызметтің сапасын арттыруды тапсырды

Бүгін, 2 шілде күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен аппараттық отырыс өтті. Жиында медициналық қызметтің сапасы, материалдық-техникалық құралдармен жабдықталуы, МӘМС, дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау мәселесі сөз болды, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстағы медицина ұйымдары 88,6% қажетті материалдық-техникамен жабдықталған. Алайда, медициналық құрал-жабдықтардың 50,7%-ы тозып тұр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаровтың айтуынша, биыл 18 медициналық ұйымға 4,0 млрд теңгеге 393 бірлік техника алынады.

Дегенмен медицина саласындағы мәселе мұнымен шешілмейді. Басты мәселе - кадр тапшылығы, яғни өңірге 231 маман жетіспейді. Осы орайда басқарма басшысы Бекболат Ізбасаров медициналық кадрларды 200 қызметтік пәтермен қамтамасыз етуді және жергілікті бюджет есебінен бір жолғы қаржылай әлеуметтік көмекті көтеруді ұсынды.

Қазіргі таңда ауылдағы медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы орындалып жатыр. Соның негізінде Шетпе, Тәжен және Құрық ауылдарында алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны бой көтеруде. Бұдан бөлек өңірлерді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында Мұнайлы ауданында 150 төсектік орталық аудандық аурухананың құрылысы жалғасуда.

Сонымен қатар жиын барысында әлеуметтік медициналық қор бойынша сақтандырылмаған тұрғындарды МӘМС жүйесіне тарту жұмыстарының жүргізілуі және дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу мәселесі талқыланды. 

Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай халық денсаулығын жақсарту, медицина саласын дамытуға қатысты нақты міндет жүктеп, оны орындауды тапсырды.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың сапалы медицинаға қолжетімділігін арттыру үшін денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жаңғыртуды, медициналық қызмет пен дәрі-дәрмектердің сапасын жақсартуды тапсырған. Сондықтан денсаулық сақтау жүйесін оңтайландыру үшін цифрландыру шараларын толық орындап, медицина ұйымдары бірлесе жұмыс істеуі керек. Білікті маман - сапалы қызметтің кепілі. Бұл ретте кадр тапшылығын шешу өте маңызды. Медицина қызметкерлеріне арнап баспана салу мәселесі біраздан бері айтылып жүр. Бірақ, жауапты мамандар тарапынан көңіл толатындай әрекет көріп тұрған жоқпын. Дәрігерлерді баспанамен қамту мәселесіне ден қойып, заң аясында нәтижелі жұмыс атқаруды тапсырамын. Сондай-ақ Президенттің тапсырмасымен салынып жатқан медициналық нысандардың құрылысы уақытылы аяқталуын қадағалаңдар, - деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

  • 05.08.2024
  • 104
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика