• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрдәулет Қилыбай: Маңғыстау облысы мен Өзбекстан арасындағы іскерлік байланыс жаңа кезеңге аяқ басты

Бүгін, 7 шілде күні Ақтауда “Өзбекстанда жасалған: Қарақалпақстанның өнеркәсіптік әлеуеті” атты бизнес форумы және В2В кездесулер өтті. Форумға Маңғыстау облысы әкімі Н.Қилыбай, Қарақалпақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және өзге де мүдделі мемлекеттік орган өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Алдымен аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай өзбекстандық кәсіпкерлер мен қолөнер шеберлерінің өнімдері қойылған көрмемен танысты. 

Ал пленарлық отырыста Қарақалпақстан Республикасының экономикалық мүмкіндігі мен Маңғыстау облысының инвестициялық әлеуеті таныстырылды.
 
Нұрдәулет Игілікұлы бірлескен іс-шараның екі ел арасындағы бұрыннан бар сауда-экономикалық қатынастарға жаңа серпін беріп, екі жақты тығыз қарым-қатынас орнатуға септігін тигізетінін атап өтті.

- Өзбек, Қарақалпақ ұлтымен тіліміз, дініміз бір бауырлас елміз. Арамызды шекара жалғаған көршілес елмен іске асып жатқан бүгінгі бастамамызға сәттілік тілеймін. Екі ел арасында сауда-саттықпен қатар қызмет көрсету саласындағы қатынастар да жоғарғы деңгейде дамуда. Алайда, шешілмеген мәселелер бар. Жақында ғана Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының туристтік мүмкіндіктерін одан әрі дамыту бағытында нақты тапсырмалар берген болатын. Осыған орай, әуе қатынастарын қайта жандандырып, үзіліп қалған байланысты жалғап, Қазақстан мен Өзбекстанның бірегей туристік әлеуетін арттыру мақсатында бірлесе жұмыс жасауға әзірміз. Сондай-ақ, Маңғыстауға жері мен климатына байланысты азық-түліктің 80% сырттан келетіні өздеріңізге мәлім. Екі ел арасындағы тауар айналымын одан әрі ұлғайту мәселесіне де аса мән беріп, сіздің тарапыңыздан да ұсынылатын импорттық-экспорттық жоспарларыңызды екі жақты тиімді дәрежеде қарауға дайын екендігімізді айтқым келеді. Бұл жиын нақты іс-әрекеттердің бастамасы болады деп нық сенемін, - деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

Жиын соңында екі ел кәсіпкерлерінің байланысын одан әрі жандандыру мақсатында Маңғыстау облысының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен Өзбекстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасына қарасты Қарақалпақстан Республикасы Басқармасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

  • 05.08.2024
  • 100
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика