• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрдәулет Қилыбай бюджет қаржысының сапалы және уақытылы игерілуін тапсырды

Бүгін, 16 шілде күні аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен аппараттық жиында 2024 жылғы қаңтар-маусым айындағы жергілікті және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы баяндалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
 
Маңғыстау облысының жергілікті бюджет түсімдері 154 млрд теңгеге немесе жоспардан 64 млрд теңгеге асыра орындалды. Қаржы басқармасының басшысы Светлана Нарешованың мәлімдеуінше, артық орындалған сома салықтық түсімдерге тиесілі, оның ішінде жеке табыс, әлеуметтік, мүлік, корпоративтік табыс және көлік салықтары.
 
- Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 25 млрд теңге немесе 19,4%-ды құрады. Жергілікті бюджеттің меншікті түсімдерінің жыл сайынғы өсу қарқыны орта есеппен 20%-ды құрап отыр. Өсу қарқынын ескере отырып, ағымдағы жылдың қорытындысымен түсімдер жоспары 309 млрд теңге көлемінде орындалады деп болжануда. Бұл қазіргі таңдағы жоспардың 17%-ға артық орындалуын қамтамасыз етеді, - деді Светлана Нарешова.
 
Облыс бойынша бюджет шығыстары 99,7%-ға орындалды, оның ішінде, жергілікті бюджет – 99,9%, республикалық бюджет – 98,6%.
 
Сондай-ақ, нысаналы даму трансферттері бойынша игерілмеген қаражат 417 млн теңге келесі жобалар бойынша қалыптасты:
- Ақтау қаласының Өмірзақ ауылында жаңа тұрғын үйлерге инженерлік желілер (газбен қамту) құрылысы – 300 млн теңге;
- Үкімет резервінен қаражат түспеуіне байланысты «Денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында іске асырылып жатқан Шетпе, Құрық, Тәжен ауылдарындағы медициналық пункттердің құрылысы бойынша қаржы игерілмеді. 
 
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай түсімдердің орындалуына жауапты уәкілетті органдар мен аудан, қала әкімдіктеріне тиісті шаралар қабылдап, межеленген жоспардың орындалуын қамтамасыз етіп, бюджет қаржысының сапалы және уақытылы игерілуін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

  • 05.08.2024
  • 118
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика