- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды
Бүгін, 17 шілде күні өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай актив отырысында Маңғыстау облысы әкімі аппаратының жаңа басшысын таныстырды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Мәлік Сейілханұлы Әбдіқадыров тағайындалды, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Мәлік Әбдіқадыровтың құқық және заң мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Ұзақ жылдар бойы облыстық прокуратурада қызмет етті, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының басқармаларында басшылық қызметтерді атқарды, ҚР Табиғи монополияларды реттеу, ҚР Ұлттық экономика министрлігі бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің департаментін басқарды. 2020-2023 жылдары – Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
Осы уақытқа дейін «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары болды.
Ал бұған дейін аппарат басшысы болған Амангелді Халмурадов өз еркімен жұмыстан кеткен.
- 05.08.2024
- 67