• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысындағы көпжылдық мәселелерді шешу бойынша бірқатар тапсырмалар берді

Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Қанат Бозымбаев Ақтау қаласының бірқатар негізгі инженерлік және инфрақұрылымдық нысандарын аралады. 

Вице-премьер КОС-2-нің 2-ші кезеңі қуаттылықты тәулігіне 30 мың м3-тен тәулігіне 70 мың м3-ке дейін жеткізу құрылысымен танысты. Нысан 2025 жылы пайдалануға беріледі. 

Содан кейін Қанат Бозымбаев қаланың магистральдық жылу желілерін қайта жаңартуды қарады: жобаға сай 2024-2026 жылдар аралығында әкімдік 47 км-ден 44 км магистральдық жылу құбырын кезең-кезеңімен ауыстыруды жоспарлап отыр. 

Әрі қарай вице-премьер Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған аудандарының тұрғындарын сумен қамтамасыз ететін "Каспий" су тұщыту зауытында болды. Бүгінгі таңда мұнда ауыз судың өнімділігін тәулігіне 20 мыңнан 40 мың м3-ке дейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Іске қосу-жөндеу жұмыстары осы жылдың қыркүйегіне дейін аяқталады. 

Келесі нысан "ҚазАзот" АҚ болды, онда KazAzot Prime жаңа аммиак-карбамид кешенін салу жобасы таныстырылды. Жаңа зауыт 700 тұрақты жұмыс орнын құра отырып, ауыл шаруашылығында қолданылатын Азотты тыңайтқыштар шығарады. 

Сондай-ақ, вице-премьер "МАЭК" ЖШС-де болды. Өңірде су тапшылығын азайту үшін кәсіпорын аумағында өнімділігі тәулігіне 24 мың м3 су тұщыту қондырғыларын салу жоспарлануда. 

Нысандарды аралау қорытындысы бойынша Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының шұғыл шараларын әзірлеу бойынша кеңес өткізді. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы облысқа келген Ұлттық экономика, энергетика, құрылыс және өнеркәсіп, экология және табиғи ресурстар вице-министрлері есеп берді.  Маңғыстау облысы бойынша тіршілікті қамтамасыз етудің барлық салаларын қамтитын 2024-2027 жылдарға барлығы 118 институционалдық  жоба жоспарланған. Бұл экономиканы әртараптандыру, тамақ өнеркәсібін дамыту, халықты ауыз сумен 100% қамтамасыз ету, жылу желілерінің тозуын азайту, интернет желілерінің қамтылуы мен сапасын арттыру. 

Вице-премьер өңірдің экологиялық проблемаларына жеке тоқталып, Жаңаөзен қаласындағы ҚТҚ стихиялық қоқыс үйіндісінің бұзылған жерлерін рекультивациялауды жеделдетуді, сондай-ақ "Қошқар ата" қалдықтар қоймасын рекультивациялауды аяқтауды тапсырды.  

Сонымен қатар, Қанат Бозымбаев аудандардағы, Жаңаөзен қаласындағы жолдардың сапасыздығын атап өтіп, бейінді Министрлікке тиісті тапсырмалар берді. 

Әлеуметтік салаға ерекше назар аударылды: облыс халқының әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй сатып алу, Жаңаөзен қаласында 18 пәтерлі тұрғын үй салу, Бейнеу ауданында 200 орындық жатақханасы бар 600 орындық колледж салу.

"Білім беру саласында өте маңызды мәселе туындап отыр. Биыл 13 мектептің құрылысы аяқталып, келесі жылы тағы 8 мектеп тапсырылады. Кадрлар қажет. Өңірде оқытушылар мен дәрігерлердің тапшылығы байқалады. Өңір үшін қажетті мамандарды даярлау-стратегиялық мәселе. Мұқият талдау жүргізуді және осы бағытта университеттермен жұмыс істеуді тапсырамын. Біз жергілікті дарынды жастар мен балаларды қолдауымыз керек – НЗМ, РФММ, Дарын және Білім-инновация лицейі сияқты мектептерде оқуға квоталарды ұлғайтуымыз керек. "Қазмұнайгаз" компаниясы еліміздің жетекші мектептеріне 1000-нан астам талантты баланы оқытуға жіберуге дайын. Ал өңірге дәрігерлерді тарту мәселесін тұрғын үймен шешу қажет", - деді Қанат Бозымбаев. 

Вице-премьер Маңғыстау облысына сапары барысында, әлеуметтік-экономикалық дамудың шұғыл шаралар жоспарына толықтырулар енгізуге бір апта мерзім берді.

  • 05.08.2024
  • 143
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика