- Блогтар
- Дарбаев А.К.
Дарбаев А.К.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы
Павлодар облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіретін тұтынушылар мен бизнес үшін электр энергиясының бағасы төмендетілді
«Экибастузэнерго» ЖШС ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне заңды тұлғалар үшін электр энергиясына бағаны 1 кВтсағатқа 31,02 теңгеден 29,45 теңгеге дейін, яғни 5%-ға және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіретін тұтынушылар үшін 1 кВтсағатқа 27,51 теңгеден 27,26 теңгеге дейін, яғни 0,9% -ға (ҚҚС есептемегенде) төмендету туралы хабарлама берді.
Төмендетілген баға 2024 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бағаны төмендету ҚР ТМРК аумақтық департаменттері реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды электр энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерге лицензиялардың қолданылуын жақында тоқтатқаннан кейін мүмкін болды.
Естеріңізге сала кетейік, бұл жұмысты Үкімет Мемлекет басшысының делдалдық құрылымдарды, оның ішінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды алып тастау жөніндегі тапсырмасы шеңберінде жүргізді.
Бағаны төмендетудің алғышарты тұтынушылардың (Облыстың заңды тұлғалары мен бюджеттік ұйымдарының) реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын кепілді жеткізушіге («Экибастузэнерго» ЖШС) ауысуы болды, бұл кепілді жеткізушінің көрсетілетін қызметтерінің көлемін ұлғайту жағына, тиісінше бағаны төмендетуге әсер етті.
Электр энергиясы қызметтерін үздіксіз алу үшін бұрын реттелмейтін жеткізушілерде талқыланатын Екібастұз қаласының заңды тұлғалары мен бюджеттік ұйымдарының «Экибастузэнерго» ЖШС-мен жедел түрде тиісті шарттар жасасу мүмкіндігі бар.
Туындаған сұрақтар бойынша «Экибастузэнерго» ЖШС-не жүгінуге болады:
- Екібастұз қ., М.Әуезова көшесі 12,
тұтынушыларға арналған телефондар: 8(7187) 34 05 26, 8 (7187) 34 08 52.
- 07.08.2024
- 125