• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бейсембаев Ғ.Б.
Бейсембаев Ғ.Б.

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Орта білім саласының өкілдерімен кездесу өткіздім

Орта білім саласының өкілдерімен кездесу өткіздім. Сағат 11:00-де басталған жиын 15:25-те аяқталды.

Үзілісті қажет етпей, төрт жарым сағат бойы әңгімелестік.

Әріптестерім көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, мәселелерін ортаға салды және идеяларымен бөлісті.

Кездесуге қатысушылар орта білім беруді дамыту бойынша өз ұсыныстарын айтты. Әдіскерлердің рөлін арттыру, ротация институтын енгізу, білім беру ұйымдарының басшыларына қойылатын талаптарды күшейту, оларды тағайындау және аттестаттау тәртібін өзгерту қажеттілігі туралы сөз қозғалды.

Ұстаздар "білікті педагогтер басшылық лауазымдарға ұмтылуға құлықты емес", - дейді. Өйткені директорлардың айлығы ұстаздардың еңбекақысынан әлдеқайда төмен. Дегенмен, жүктелетін міндет көп, артылатын жауапкершілік жоғары.

Осыған байланысты мектеп басшыларын тағайындау және олардың жалақысын арттыру бойынша енгізілетін өзгерістер туралы айттым.

Алдағы уақытта осы жаңашылдықтар жайында толығырақ жазатын боламын.

Кездесу барысында педагогтерді аттестаттау, саладағы цифрландыру, педагогикалық этика нормаларын сақтау, білім беру бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұнын жақсарту, қашықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелері, "Алтын белгіге" үміткерлерге қойылатын талаптарды күшейту және тағы басқа өзекті мәселелер көтерілді.

Жиынға қатысушылар педагог мәртебесі артып, жалақының айтарлықтай көтерілгенін алға тартты.

Басқа да өзекті мәселелерді бірге талқыладық. Олардың көпшілігі бойынша тіпті заңнамалық деңгейде нақты шешімдер қабылданған.

Бұл мәселелер туралы да келесі жазбаларымда толығырақ айтып беремін.

Кездесуге қатысқан әріптестеріме айтылған ұсыныстары мен қойылған сұрақтарына алғыс айтамын.

Мұндай жиындардың маңыздылығы зор, өйткені өзекті мәселелерді ашық диалог барысында ғана бірлесе отырып шешуге болады.

  • 11.02.2021
  • 468
Бейсембаев Ғ.Б.

ҚР Оқу-ағарту министрi

Бейсембаев Ғ.Б.
(Мұрағат)

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика