- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай «Еsta construction» компаниясының бас директорымен кездесті
Бүгін, 9 тамыз күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай «Еsta construction» компаниясының бас директоры Айдемир Гурбуз бастаған компания делегациясымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында тараптар Маңғыстауда аммиак және карбамид тыңайтқыштарын өндіру зауытын салу жобасын талқылады.
Бұл жоба өңірдегі ауылшаруашылығы саласында азық-түлік қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы зор, оған қоса еліміздің экономикалық дамуына да септігін тигізеді.
Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған барлық бастамаларды қолдауға дайын екенін атап өтті.
- Құрметті Айдемир Гурбуз, қасиетті Маңғыстауға қош келдіңіз. Біз өңірге инвестиция тартуға, ауылшаруашылығы саласын жетілдіруге мүдделіміз. Сіздердің тарапыңыздан ұсынылған жобаны әрі қарай пысықтап, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған барлық бастамаларды заңға сәйкес қолдауға дайынбыз, - деді Нұрдәулет Қилыбай.
- 09.08.2024
- 94