• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрдәулет Қилыбай: Маңғыстаулық оқушылардың бәсекеге қабілетті болуына барлығымыз жауаптымыз

9 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен білім беру саласының мәселелеріне арналған кеңейтілген жиын өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық білім беру ұйымдарының басшылары бас қосқан кеңесте жаңа оқу жылына дайындық барысы, оқушылардың қауіпсіздігі, инклюзивті білім берудегі мәселелер талқыланды.
Білім басқармасының басшысы Динара Жұмашеваның мәліметінше жаңа оқу жылында 647 білім беру ұйымы жұмыс жасайды.Ұйымдар желісі жекеменшік сектор есебінен өсуде, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 10% артқан.

2024-2025 жылдары жаңадан ашылатын 25 мектепке 2 736 мұғалім қажет етіледі. Бұл мәселені шешу үшін, үш ауысымда білім беретін мектеп оқушыларымен бірге 478 мұғалім жаңа мектептерге ауыстырылады және заң талаптары шеңберінде жаңадан 2 258 мұғалім қабылданады. 2024-2025 оқу жылында облыста әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға берілетін әлеуметтік көмек көлемі 43 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейін көбейді. Оған қоса, колледж студенттердің шәкіртақысы 50% -ға артады. 100 мыңнан астам оқушы бір реттік тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Ол үшін жергілікті бюджеттен 8,1 млрд. теңге қаржы қарастырылды. «Мектепке жол» акциясы аясында құзырлы орган, меценат, кәсіпкерлер тарапынан әлеуметтік қолдауды қажет ететін балаларға көмек ұйымдастырылуда. Бүгінгі күні
жергілікті кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен 3000-нан астам оқушыға мектепке қажетті тауарлар, мектеп формасы, қаржылай көмек берілді, - деді Динара Жұмашева.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай мектептердің бүгінгі ахуалына айрықша тоқталып, күн тәртібінде тұрған сұрақтарды сапалы, әрі тиімді шешу керектігін айтты.

- Жаңа оқу жылының басталуына екі аптадай уақыт қалды. Бірінші кезекте балалардың қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс. Оқушылардың тамақтануына да аса мән берілу керек. Астың оқушыларға пайдалы, сапалы болуын қадағалаңыздар. Бұл – ешуақытта өзектілігін жоғалтпайтын талаптардың бірі. Маңғыстаулық балалардың дені сау, бәсекеге қабілетті, білімді азамат болып шығуына барлығымыз жауаптымыз, - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Жиынға білім беру ұйымдарының басшылары мен қоғамдық ұйым өкілдері де қатысты. «Өркениетті келешек» қоғамдық қорының өкілі Гүлбаршын Карабалина өңірдегі инклюзивті білім берудегі мәселелерді ортаға салып, оны шешу жолдарына қатысты ұсыныстарын білдірді.

  • 09.08.2024
  • 156
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика