- Блогтар
- Елібаев М.Т.
Елібаев М.Т.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы
ҚДБ 2023 жылдың тексерілген жылдық есебін жариялады
Қазақстанның Даму Банкі PwC компаниясының тексеруінен өткен 2023 жылдың жылдық есебін шығарды. Банк GRI, SASB, IFRS S1 және IFRS S2 (бұрын – TCFD ұсынымдары) халықаралық талаптарына, сондай-ақ ұлттық реттеуші – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің талаптары мен KASE Қазақстан қор биржасының ережелеріне сәйкес ақпарат ашты.
ҚДБ-ның Қазақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі.
Күрделі сыртқы экономикалық жағдайға қарамастан, Қазақстанның Даму Банкі үшін өткен жыл өсу мен жаңа биіктерді бағындыру кезеңі болды. Өткен жылы ҚДБ тобы 1 061 млрд теңгеге қаржыландыруды қамтамасыз етті. Атап айтқанда, банк жалпы сомасы 748 млрд теңгеге 42 жобаны қаржыландырды. Жалпы қаржыландыру сомасы 1,2 трлн теңгені құрайтын 43 жоба мақұлданды.
Сонымен қатар, жалпы құны 120 млрд теңгені құрайтын 3 жоба пайдалануға берілді. Олардың қатарында Ақмола облысында құс фабрикасының қуатын кеңейту, сондай-ақ Қарағанды және Ақтөбе облыстарында екі байыту фабрикасы бар. Осы кәсіпорындардың негізінде қазақстандық мамандар үшін 798 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды. Бұл жобалар ҚДБ-ның Қазақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін көрсетеді.
Екінші деңгейдегі отандық банктермен бірлесіп жобаларды қаржыландыру.
ҚДБ-ның өткен жылғы маңызды жетістіктерінің қатарында – қазақстандық екінші деңгейлі банктермен бірлесіп жобаларды синдикатталған қаржыландыруды енгізу. Мысалы, «Нұрбанк» АҚ және «ЦентрКредит Банкі» АҚ-мен ниет туралы келісімге қол қойылды. Қаржы институттары жалпы күш-жігермен қолданыстағы өндірісті кеңейту және өнімді экспортқа шығару үшін сусын өндірісіндегі жобаны қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
2022 жылдың қорытындысы бойынша Жалғыз акционерге 17,1 млрд теңге мөлшерінде дивиденд төленді. Бұдан басқа, 2023 жылы ҚДБ жобаларды одан әрі қолдау үшін нарықтық шарттарда 540,3 млрд теңге тартты.
Тұрақты даму қағидаттарын енгізу.
PwC компаниясы тексерген Банктің 2023 жылғы жылдық есебінде GRI, SASB, IFRS S1 және IFRS S2 халықаралық талаптарына, сондай-ақ ұлттық реттеуші – ҚНРДА талаптары мен KASE Қазақстан қор биржасының ережелеріне сәйкес ақпарат ашылды.
Тексеру аясында экологиялық көрсеткіштерді, оның ішінде scope 1, 2 және 3 парниктік газдар шығарындыларын (қаржыландырылатын шығарындылар), әлеуметтік көрсеткіштерді, сондай-ақ «Банктің кредиттік қоржынындағы ЖЭК жобаларының үлесі» көрсеткішін қоса алғанда, GRI және SASB көрсеткіштері расталды, бұл Банктің ашылатын ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етуге және тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге ниетін көрсетеді.
2023 жылы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ рекордтық қаржылық көрсеткіштерден басқа, тұрақты даму мен жауапты инвестициялауда елеулі табыстарға қол жеткізе отырып, ESG саласындағы өзінің міндеттемесі мен белсенді қатысуын көрсетті. Осылайша, ҚДБ Қазақстанда алғашқылардың қатарында болып Sustainable Fitch агенттігінің «3» деңгейінде ESG-рейтингін және жалпы 60 балын алды. Бұл баға Банктің Тұрақты даму саласындағы ұмтылысы мен бастамаларын көрсетеді. Банк инвестициялық жобалар аясында өтініш берушілердің ESG қағидаттарына сәйкестігін бағалау критерийлерін бекітті.
Алғаш рет Қазақстан қор биржасы (KASE) алаңында қаржыландыру үшін «жасыл» облигациялар шығарылды, Орталық Азияда Climate Bonds Initiative (CBI) сертификаты бар AIX биржасында «жасыл» облигациялардың алғашқы шығарылымы шығарылды.
Ағымдағы жылы ҚДБ шикізаттық емес сектордағы отандық орта және ірі бизнесті тиімді қаржылық қолдау және тұрақты даму траекториясына кезең-кезеңімен көшу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
- 09.08.2024
- 115