• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ұлттық экономика вице-министрі Түркістан облысына барды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков жұмыс сапары аясында Түркістан облысындағы құрылыс нысандарын аралап, бірнеше ауданның тұрғындарымен кездесті.

Ұлттық экономика министрлігі жалпы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 2024 жылы Түркістан облысын дамытуға 25,7 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр.

Сауран ауданына қарасты Шорнақ елді мекенінде вице-министр Ұлттық қауіпсіздік комитеті және прокуратура, аудандық полиция бөлімі мен әкімдік ғимараттарын аралады. Кейбір нысандар пайдалануға берілген, ал екі ғимараттың құрылысы ағымдағы жылдың қараша айында аяқталады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, Бауыржан Омарбеков Түркістан қаласындағы автомобиль жолының қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Теміржол арқылы өтетін көпірдің құрылысы аяқталса, қаладағы қозғалыс айтарлықтай жеңілдейді.

Ордабасы ауданында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 3 спорттық кешен салынуда. Бұған қоса, Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай ауданда мәдени-спорттық кешеннің құрылысы жүргізілуде.

Кешеннің жобасы үш ғимараттан тұрады. Атап айтқанда мұнда мұражай, кітапхана, көрме залы, жайлы қонақ үй, асхана, конференц-зал, спорт орталығы, спортшыларға арналған киім ауыстыру бөлмелері және басқа да қажетті бөлмелер қарастырылған.

Құрылыс аяқталып, пайдалануға берілгеннен кейін шамамен 150 орындық амфитеатрда облыстық әрі республикалық деңгейдегі кәсіби және олимпиадалық күрес түрлерінен жарыстар өткізу жоспарлануда.

Халықаралық автожол бойында орналасқан заманауи үлгідегі тәулік бойы жұмыс істейтін кешен аймақта туризмнің дамуына ықпал ететін болады. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2024 жылдың қараша айы.

Сайрам ауданына жасаған сапары барысында вице-министр Қарасу ауылында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша салынып жатқан спорт кешенінің құрылысымен танысты.

Бауыржан Омарбеков құрылыс сапасын қамтамасыз ету мен маңызды әлеуметтік нысандарды облыс халқына уақытылы тапсыру бойынша тапсырма берді.

Аймақ тұрғындарымен кездесуде тұрғындарды қажетті инфрақұрылыммен, сумен және газбен қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік нысандар санын арттыру мәселелері талқыланды. Бұдан бөлек, вице-министр қазақстандық кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдау шаралары туралы да кеңінен айтты.

  • 13.08.2024
  • 131
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика