- Блогтар
- Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.
ҚР Энергетика министрі
АЭС салу электроэнергия тапшылығы мәселесін шешеді – Талдықорғанда жария талқылау өтті
13 тамызда Талдықорған қаласында Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу жобасына қатысты жария талқыланды.
Шараға АЭС құрылысына қатысты өз пікірлерін білдіруге келген барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестердің, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, энергетика саласының жетекші мамандары, ғалымдар мен облыс орталығының белсенді тұрғындары жиналды.
Ұйымдастырушы тарап – Қазақстанның Азаматтық альянсы, сарапшылар ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, Ұлттық ядролық орталық және Ядролық физика институтының өкілдері шақырылды.
Спикерлер сөз сөйлеу барысында Қазақстанда атом энергетикасын дамытудың жоспарлары мен перспективаларын ұсынып, сондай-ақ, қауіпсіздік, экология және АЭС құрылысының экономикалық тиімділігіне қатысты сұрақтарға жауап берді.
Жетісу облысының тұрғындары АЭС құрылысына қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салып, мамандарға көкейдегі сауалдарын қойды.
Қоғамда туындаған негізгі мәселелер, атап айтқанда, атом электр станцияларын салудағы заманауи технологияларды қолдану мәселесі болды. Бұдан өзге атом электр станциясының құрылысын қаржыландыру мәселесі болды. Сонымен қатар, облыс тұрғындары АЭС-тен шыққан қалдықтарды кәдеге жарату, кадрлық ресурстардың болуына және АЭС-ке қызмет көрсету үшін қажетті жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкіндіктері жайында қызығушылық танытты.
Бұл сұрақтарға мамандар жан-жақты толық жауап берді. Атап айтқанда, заманауи технологияларды қолдану мәселесі бойынша сарапшылар қазіргі уақытта Франция, ҚХР, Оңтүстік Корея, РФ компаниялары кіретін АЭС құрылысы бойынша озық әлемдік компаниялардың қысқа тізімі жасалғанын атап өтті.
Құрылыс құнына қатысты атом электр станциясын салуға жұмсалатын айтарлықтай шығындар объектінің ұзақ қызмет ету мерзімімен бірге оны пайдаланудың төмен құнымен өтелетіні атап өтілді.
Сондай-ақ, мамандар АЭС жұмысының экологиялық қауіпсіздігі мәселесін егжей-тегжейлі түсіндіріп, АЭС-те радиациялық фон жоқ екенін, ал атмосфераға СО2 шығарындылары ең аз (сол жылу электр станциясымен салыстырғанда) екенін атап өтті.
Қалдықтарды кәдеге жарату мәселесі бойынша: қуаты 1200 МВт реактор жұмыс істеген кезде жылына 50-60 м3 радиоактивті қалдықтар түзіледі. Қазір жаңартылған энергия көздерінен айырмашылығы, мұндай қалдықтарды қауіпсіз өңдеу үшін тиімді технологиялар бар, онда жабдықты кәдеге жарату және қоршаған ортаны қалпына келтіру қаражаты есепке алынбайды. Пайдаланылған ядролық отын қалдықтарға жатпайды, өйткені онда жанбаған уран қалады және ядролық отында қолданылатын тағы бір элемент – плутоний түзіледі. Пайдаланылған ядролық отынды өңдегеннен кейін мамандар оны да пайдаланып, үлкен энергетикалық компоненті бар жаңа отынға шикізат алады.
Мамандармен қамтамасыз етуге келетін болсақ, объектіні салу шеңберінде вендорлар жергілікті кадрларды белгілі бір уақыт ішінде оқытуды қамтамасыз етуге міндеттеледі.
Алынған түсініктемелерден кейін Жетісу облысының жұртшылығы еліміздегі бейбіт атом энергетикасын дамытуға қатысты өз пікірлерін білдірді.
«Талдықорған электр жүйелерінің тасымалдау компаниясы» АҚ бұрынғы басшысы, зейнеткер Демидов Серік Семейханұлының сөзінше, АЭС салудың уақыт келді, атом энергетикасы тұрақты электроэнергия көзі болып табылады. Осы ретте, АЭС құрылысы еліміздің экономикалық дамуына үлкен үлесін қоспақ.
«Мен электроэнергетика саласында 30 жылдан астам еңбек еттім. Қазақстанда энергия тапшылығы бар екендігі барлығымызға белгілі. Солтүстік-оңтүстік транзиттік желісі Павлодар облысында салынған болатын. Алайда ол да жеткіліксіз. Атом электрстанциясын салатын кез келді. Қандайын саламыз? Теміржол торабын пайдалана отырып, көмірмен жылытылатын станциялар ма? Онымен экологиямыз қаншалықты ластанады? Жақын уақытта біз міндетті түрде электр тапшылығын сезінеміз. Жаңа станция құрылысына 10 жыл уақыт кетеді, оның ішінде құрылыс-монтаж құжаттамалары да бар. Біз бір орында тұра алмаймыз. Мәселен, Қостанай облысында жаңа зауыт, фабрикалар ашылуда. Ал біздің облыста неге ондай мүмкіндік жо? Себебі Жетісу облысында электр энергиясының тапшы екендігі сезіледі. Мәселен, қыс мезгілінде өңір тұрғындары 35 МВт энергия тұтынса, Текелі қаласындағы станция бар-жоғы 24 МВт энергия өндіре алады. Оңтүстік өңірлердің барлығына энергия қажет. Энергия медицинаға да, радиологияға да қажет. Ғылым жаңа көкжиектерді еңсеруі қажет».
Өз кезегінде «АСПМК-519» ЖШС бұрынғы басшысы Виктор Сычев электроэнергия тапшылығының орнын толтыруда шетелден алынатын энергия көздерінің қымбаттығын алға тартып, оның елімізге тиімсіздігін атап өтті. Сычевтің айтуынша, біз жаңартылған энергия көздерін дамытуда үлкен бағдарламаларды жүзеге асыра аламыз, алайда ол үшін бізге мықты электростанция қажет.
«Бұл мәселенің шешімі – елімізде өзіміздің АЭС салу, тіпті бір емес, бірнеше станция салу қажет. Әріптестеріміздің ұсынысын қолдаймыз, жобаның қауіпсіздігі мен сенімділігіне көзіміз жетті», - дейді Виктор Сычев.
Жария талқылауда «QAZAQSTAN CHERNOBYL ARDAGERLERI» ЗТБ, «Жетісу облысының Чернобыль апаты ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық кеңесінің төрағасы Мустафа Хусаин Қазақстанда АЭС салу бастамасын толығымен қолдайтынын атап өтті.
«Әлем термоядролық энергетиканы дамытуда, ал біз әлі АЭС құрылысы салыну қажеттігін талқылап жүрміз. Біз бұл бастаманы қолдаймыз, себебі біз және біздің ұрпақтарымыз дамыған мемлекетте өмір сүруі керек», - деді Мустафа Хусаин.
Кездесу соңында жастар да өз пікірін білдірді. Жастар атынан Еркебұлан Жақан сөз алып, қазір технологиялардың дамуына байланысты гаджеттерге сұраныс артуда, бұл өз кезегінде бұрыннан да көп электр энергиясын тұтынуды қажет етеді. Сол себепті АЭС құрылысына қолдау танытып, уақыт жоғалтпай жылдамдату керектігін жеткізді.
Жария талқылауға шақырылған сарапшылар атом электр станцияларын салу үшін қарастырылып отырған технологиялар қауіпсіз екенін атап өтті, өйткені III және III+ буындарының реакторларын пайдалану жоспарлануда. Реакторлардың бұл түрі Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (МАГАТЭ) барлық қауіпсіздік талаптарына жауап береді және экологиялық көрсеткіштері жоғары.
- 13.08.2024
- 68