• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жыл басынан шекаралас мемлекеттермен трансшекаралық су айдындарын пайдалану мәселесі бойынша 15 іс-шара өтті

2024 жылдың басынан Су ресурстары және ирригация министрлігі шекаралас елдермен трансшекаралық су нысандарын пайдалану мәселесі бойынша 15 іс-шараға қатысты.

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның су шаруашылығы және энергетика ведомстволары басшыларының су-энергетикалық ынтымақтастық мәселелері жөнінде үш кездесуі өтті. Сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан арасында екіжақты су қатынасын арттыру бойынша ұсыныс әзірлеу жөнінде бірлескен жұмыс тобының екі отырысы өтті.

Сәуір айында Шымкентте Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов суару маусымында «Достық» мемлекетаралық каналы арқылы Қазақстанға 922 млн текше метр су жіберу туралы келісімге келді.

Бішкекте Шу-Талас су шаруашылығы комиссиясының 33-ші отырысы өтіп, Қырғызстаннан елімізге Шу өзені арқылы 180 млн текше метр және Талас өзенімен 380 млн текше метр су жіберу туралы мәміле жасасты.

27 шілде өткен 34-ші отырыста суару кезеңінің тұрақты өтуі және басқа да мәселелер талқыланды.

Маусым айының соңында Сиань қаласында екі іс-шара: ҚР мен ҚХР арасындағы трансшекаралық өзендерде су бөлу туралы келісім жобасын зерделеу және келісу жөніндегі жұмыс тобының XII отырысы, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендердің бүкіл бассейнінің су ресурстарын бағалау жөніндегі жұмыс отырысының 9-раунды өтті.

Трансшекаралық су нысандарын бірлесіп пайдалану және қорғау жөнінде Қазақстан-Ресей комиссиясы жұмыс топтарының үш отырысы өтті. Атап айтқанда, Тобыл, Ертіс және Есіл өзендері бойынша келіссөз жүргізілді.

Наурыз айындағы су тасқыны кезінде Орынбор қаласында Иреклі су қоймасының жұмыс тәртібі жөнінде ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті. Ал мамыр айында Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров Қазақстан мен РФ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысына қатысты.

Жыл соңына дейін трансшекаралық су нысандары мәселелері бойынша тағы 18 іс-шара өткізу жоспарланып отыр.

«Министрлік су дипломатиясына үлкен көңіл бөледі. Уақтылы келіссөздердің нәтижесінде биыл суару маусымында Қазақстанның оңтүстігіндегі шаруаларды суармалы сумен тұрақты қамтамасыз етіп отырмыз. Су тасқыны кезінде үлкен көлемде Ресейден келген суды қабылдауға су қоймаларын дайындадық. Сондай – ақ, министрлік трансшекаралық өзендердің суын дәл есепке алу үшін қондырғыларды орнату бойынша көрші елдермен келіссөз жүргізуге ниетті», - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

  • 14.08.2024
  • 95
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

Нұржігітов Н.М.
(Мұрағат)

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика