- Блогтар
- Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиевтің төрағалығымен өткен Қазақстан мен Қырғызстан үкіметаралық кеңесінің 14-інші отырысына қатыстым.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп басқару, сондай-ақ су шаруашылығы инфрақұрылымының тиісінше пайдаланылуы мен күтіп-ұсталуын қамтамасыз ету бағытындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту болды. Талқылау барысында осы саладағы ынтымақ ...
- 05.11.2026
- 12
Қостанай облысына жұмыс сапарым аясында Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясының мамандары және «Қазсушар» РМК-ның жергілікті филиалы өкілдерінің қатысуымен кеңес өткіздім.
Жиында өңір тұрғындарымен кездесуде көтерілген мәселелерді қарадық. Әсіресе судың «қара нарығына» қарсы күреске ерекше назар аударылды. Министрлік құрылғаннан бері бассейндік инспекциялардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды. Қызметкерлер саны артып, ...
- 19.10.2026
- 28
Қостанай облысына жұмыс сапарым аясында Қарабалық ауданының тұрғындарымен кездестім. Азаматтарға министрліктің өңірдегі су саласын дамыту бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып бердім.
Көктемгі су тасқынына дайындық аясында алты гидротехникалық нысанды реконструкциялау және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қарасу ауданында ұзындығы 14,2 шақырым болатын су бұру каналының құрылысы жалғасып жатыр. Жангелдин ауданындағы «Албарбөгет» бөгетін реконструкциялау жұмыстары а ...
- 19.10.2026
- 26
Қостанай облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі ірі су шаруашылығы нысандарының жұмысымен және алдағы су тасқыны кезеңіне дайындығымен таныстым.
Тобыл қаласында облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен бірге елді мекенді тасқын судан қорғауға арналған бөгетке бардым. Былтыр нысанда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған. Жұмыс барысында су өткізу құбырлары орнатылып, құбырлар мен бетон алаңдарға гидрооқшаулау жұмыстары жүргізілді. Жоба ...
- 19.10.2026
- 21
Түркістан облысына жасаған жұмыс сапарым кезінде «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметінің жергілікті филиалына бардым.
Онда кәсіпорын ұжымымен кездесіп, зертханаларды аралап, филиалдың материалдық-техникалық базасымен таныстым. «Қазгидрогеология» мамандары атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Атап айтқанда, суармалы жерлердің мелиорациялық жағдайын зерттеу, топырақ-мелиорациялық жұмыстар, ж ...
- 14.09.2026
- 38


