• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау әкімі өңірдегі компанияларға тарихи және мәдени орындардың тазалығын қамқоршылығына алуды ұсынды

13 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен жиында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы мен атқарылатын шаралар талқыланды.

Жиында аймақ басшысы сакралды тарихи-мәдени ескерткіштер мен әулиелі орындардың айналасы қоқысқа толып жатқанын айтып, кәсіпкерлерге тарихи орындардың тазалығы мен абаттандырылу жұмыстарын қамқоршылығына алу жөнінде ұсыныс жасады.

- Маңғыстауды «Аспан астындағы мұражай», «360 әулиелі өңір» деп айтып жүреміз. Бірақ, осы киелі орындардың қазіргі жағдайы көңіл көншітпейді. Өңірде сенбілік жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Осы жұмыстарды әрі қарай дамытып, сакралды және тарихи-мәдени орындарға бұрсақ нұр үстіне нұр болар еді. Маңғыстау облысының ерекше тарихи және мәдени мұралары мен табиғи ескерткіштері өздерінің жоғары мәртебесін сақтауы үшін біз материалдық техникасы бар кәсіпкерлерді қамқоршылығына алуға шақырамыз. Бұл жұмыстар тек облыстың көріктілігін арттыруға ғана емес, сондай-ақ, біздің тарихымыз бен мәдениетімізді келешек ұрпаққа аманаттауға мүмкіндік береді, экологиялық мәдениетін дамытады. Әрқайсымыз өз үлесімізді қосып, киелі жерлерді таза әрі қадірлеуге үлес қосуымыз қажет, - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Ұсыныс кәсіпкерлер тарапынан бірден қолдау тауып, игі бастаманы жүзеге асыруға ниет білдірді.

Айта кетсек, экологиялық шара басталғалы бері облыс көлемінде өткен сенбілікке 39 мыңнан астам адам қатысып, 17505 тонна қоқыс шығарылды.

Жыл басынан бері Маңғыстау облысы бойынша 69 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділер анықталып, бүгінгі таңда 18 нүктесі тазартылды. Облыс бойынша 29 063 шаршы метр көлемде ьшұңқырлы жөңдеу жұмыстары жүргізілді.

Тұрғындардың арасында экологиялық білім мен мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ акцияға қатысушыларды ынталандыру мақсатында бірқатар байқаулар мен акциялар ұйымдастырылуда.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 14.08.2024
  • 114
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика