• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Аппараттық жиында жылыту маусымына дайындық жұмыстары пысықталды

13 тамыз күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен аппараттық жиында 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы талқыланды.
Кеңейтілге жиынға облыстың барлық коммуналдық мекеме басшылары, пәтер иелері кооперативінің директорлары қатысты. Маңғыстау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Әбдеш Түркменбаев жылыту маусымына дайындық барысы, орталықтандырылған және автономды жылу қазандықтарымен қамту туралы баяндады. 

- Ақтау және Жаңаөзен қалаларында орталықтандырылған жылу қазандықтары бар, ал қалған аудандар автономды қазандықтармен қамтамасыз етілген. Барлық жылу электр орталықтары мен автономды жылу қазандықтары тауарлық газ отынын пайдаланады. Облыс бойынша 407 автономды жылу қазандығы жұмыс істейді, - деді Әбдеш Түркменбаев. 

Инженерлік желілерді жөндеу бойынша «КЖСА» мекемесі биыл 6,6 шақырым ұзындықтағы инженерлік желілерді күрделі жөндеуді жоспарлап отыр. Жылу желілеріне жөндеу жұмыстары бойынша, Ақтау қаласының 6, 7, 8, 9, 11, 12, 13, 14, 15, 22, 26 және 27 шағын аудандардағы тұрғын үйлерді жылыту маусымында сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында ескірген элеваторлық тораптардың орнына қуаты 200-400 кВт  490 дана автоматтандырылған басқару тораптарын орнату жұмыстары жүргізілуде. 17 шілдеде «Ақтау қаласының магистралдық жылу желілерін реконструкциялау» жобасы бойынша мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алды. Жұмыстарды жылыту маусымына дейін аяқтау үшін 11,3 шақырым желіні ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта демонтаж жұмыстары толықтай аяқталып, Ресейден 8,7 шақырым жылу құбыры жеткізілген. 

Пәтер иелері кооперативінің басшылары Ақтау қаласындағы жылу желілеріне қатысты бірқатар өзекті мәселелерді ортаға салып, оны шешу жолдарын пысықтады.   
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай жылыту маусымында жылумен қамту орталықтарындағы апаттық және техникалық бұзушылықтарды болдырмау үшін коммуналдық мекемелерге бірқатар тапсырма міндеттеді. 

- Облысымыздың жылумен қамту жүйесі – тұрғындардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты үшін аса маңызды. Осыған байланысты, барлық жауапты мекемелер мен мамандарға жылу желілерінде кез келген апаттық және техникалық бұзушылықтарды болдырмау үшін жұмыстарды жоғары сапада және уақытында орындау қажет, - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 14.08.2024
  • 166
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика