• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау әкімдігінде өрт қауіпсіздігі пысықталды

Бүгін, 15 тамыз күні өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігін күшейту, тұрғындардың өрттен қаза болуын және улы газбен улануының алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. 

Жиында 2024-2025 жылғы жылыту маусымы кезеңінде тұрғын үй секторында жүргізілетін өрт қауіпсіздігі шаралары туралы мәселелер қаралды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Александр Алексеевтің баяндауынша, өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша облыс аумағында тұрғын үйлерде 50 өрт тіркелген. Өрт салдарынан қаза тапқандар және жарақат алғандар жоқ. 

- Өткен жылы тұрғын үй секторында өрттің алдын алу мақсатында 116 мың тұрғынды қамтыған 28 мың аула аралау үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Апаттарды зерделей келе, тұрғын үйлерде өрттің пайда болуы, газға улану және жарылыстар көбінесе әлеуметтік осал топтарына жатқызылған халық арасында орын алуда, - деді Александр Алексеев. 

Сондай-ақ, отырыс барысында Маңғыстау облысы аумағында өртке қарсы сумен жабдықтаудың жай-күйі мен газтехникалық инспекция мамандарының 2024 жылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстары туралы баяндалды. 
2024 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қала мен аудан әкімшіліктері өз деңгейінде көппәтерлі тұрғын үйлерді аралап, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, облыс аумағында дабыл қаққыш орнату жоспарланып отыр. 

Жиынды қорытындылаған аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай халыққа өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын жеткізу үшін ақпараттық түсіндірме жұмыстарын әлеуметтік желілерде кеңінен таратуды, сақтық шараларына арналған тексеру жұмыстарын сапалы орындауды тапсырды. 

- Біздің бірінші кезектегі міндетіміз – тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау, өміріне қауіп төндірмеу. Ол үшін тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу керек.  Өрт қауіпсіздігіне арналған ақпараттық жұмысты әлеуметтік желілерде таратып, күшейту керек,- деп қорытты Нұрдәулет Қилыбай.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 15.08.2024
  • 157
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика