• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Шабындық алқаптарын суару сапасын жақсарту: 2025 жылдың соңына дейін Павлодар облысында 97 гидротехникалық және 132 су өткізу құрылысы жөнделеді

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өңірде министрліктің жобалары қалай жүзеге асырылып жатқанымен танысу үшін және тұрғындарымен кездесу мақсатында Павлодар облысына келді.

Министр Май ауданында Қаратерек және Майтүбек ауылдарындағы суару желілерін реконструкциялау барысымен танысты. Суару желісі 5700 га егіс алқабын сумен қамтамасыз ете алады.

Екі жоба да аяқталуға жақын. Нұржан Нұржігітов жұмысты мерзімінен кешіктірмей аяқтауды тапсырды. Жергілікті шаруа қожалықтары министрге өңірде су үнемдеу технологиялары қалай енгізіліп жатқанын көрсетті.

Одан кейін Нұржан Нұржігітов Көлбай лиманды суару алабына барды. Павлодар облысының мал шаруашылығын қажетті жем-шөп қорымен қамтамасыз ететін шабындықтарды суару жүйелерін реконструкциялау жоспарымен танысты.

Жоба бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде Баянауыл және Май аудандарында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

Мәселен, Май ауданында Көлбай алабына кіретін 38 гидротехникалық және 6 су өткізу құрылысы жөнделеді. Баянауыл ауданында 59 гидротехникалық және 126 су өткізу құрылысы бар. Бұл жұмыстарды 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Көлбай алабының аумағы 14,6 мың га, оның 6,7 мың гектары Баянауыл ауданында.

Сондай-ақ, министр Май ауданын ауыз сумен қамтамасыз ететін Май топтық су құбырының тазарту станциясына барып, тазартылған судың сапасын тексерді.

Ақтоғай ауданының Әуелбек ауылында министр 1063 га суармалы учаскеге арналған инженерлік желілер құрылысының барысымен танысты. Жоба Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарындағы «Қазсушар» филиалдарының бірлескен күш-жігерімен жүзеге асырылып жатыр. Нысан биыл пайдалануға беріледі.

Әрі қарай Нұржан Нұржігітов ұзындығы 12,5 шақырым болатын «Ертіс-Успен» каналын реконструкциялау барысын бақылады. Каналдағы жұмыстар 5 кезеңге бөлінген. Қайта жаңғырту жұмыстарын келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр. Министр шаруаларды уақытылы суармалы сумен қамтамасыз ету үшін барлық жұмыстарды 2025 жылдың суару кезеңі басталғанға дейін аяқтауды тапсырды.

Су шаруашылығы нысандарын аралағаннан кейін Нұржан Нұржігітов жергілікті «Қазсушар» филиалына барып, мекеме қызметкерлерімен жұмыс жағдайы туралы сөйлесті.

«Жергілікті шаруа қожалықтары судан тарықпауы үшін барлық жобаларды мерзімінде аяқтау маңызды. Біз өз тарапымыздан облыстың егіс алқаптарына, шабындықтары мен табиғи жайылымдарына су беруді қамтамасыз етеміз. Сондай-ақ келесі жылдың су тасқыны кезеңіне дайындалу керек. Өңірдің барлық су шаруашылығы нысандары еріген қар суын қабылдауға және қауіпсіз өткізуге дайын болуы тиіс»,- деп қорытындылады Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

  • 16.08.2024
  • 165
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

Нұржігітов Н.М.
(Мұрағат)

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика