• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Үкіметте Экономикадағы өсімді қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб отырысы өтті

Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың төрағалығымен өткен Экономикадағы өсімді қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб отырысында бірінші жартыжылдықтағы экономика салаларының даму көрсеткіштері қаралды.

Өткен жылмен салыстырғанда ақпарат және байланыс саласында (8,7%), құрылыста (8,6%), көлікте (7,3%) тұрақты өсімге қол жеткізілді.

Айта кету керек, биылғы бес айдың қорытындысымен салыстырғанда ауыл шаруашылығы, құрылыс және сауда салаларында өсу қарқыны жақсарғаны байқалады. Сонымен қатар ОПЕК+ міндеттемелері шеңберінде мұнай өндіру көлемінің қысқаруына және су тасқыны кезеңінен кейін жүргізіліп жатқан қалпына келтіру жұмыстарына байланысты бірқатар салада біршама артта қалушылық байқалып отыр.  

«4 айлық бәсеңдеуден кейін маусым айының қорытындысы инвестицияларды жұмылдыру, отандық тауар өндірушілерді қолдау, іскерлік белсенділікті ынталандыру шаралары, сондай-ақ құрылыс, автожол, ауыл шаруашылығы салаларындағы алдағы белсенді кезең есебінен экономиканың өсу траекториясына шығуына негіз қалады», — деп Нұрлан Байбазаров, биылғы іскерлік белсенділік индексі бес ай қатарынан оң аймақта тұрғанын атап өтті.

 Өңдеу өнеркәсібі нысаналы индикаторлар шегінде (5,1%-ға) өсіп келеді. Өңдеу өнеркәсібі салалары ішінде металлургия өндірісінің – 8,3%-ға, машина жасаудың – 9,4%-ға, химия өнеркәсібінің – 5,3%-ға, жиһаз жасаудың – 28,3%-ға, фармацевтиканың – 14,8%-ға өсуі қамтамасыз етілді. Өсімге отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын жетілдіру нәтижесінде қол жеткізілді. Бүгінгі таңда ОТӨ-мен жасалған шарттардың саны 2023 жылғы 22,7 мыңмен салыстырғанда 45,7 мыңға дейін артты.

Жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдары өндірісінің көлемін ұлғайту, сондай-ақ азық-түлік өнімдері саласында және т. б. жұмыстар жалғасуда. 

Құрылыста жұмыс көлемі бес айдағы 8,1% көрсеткішпен салыстырғанда өсіп, 8,6%-ды құрады. Қарастырылып отырған кезеңде 7,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1%-ға артық. Қолданыстағы жеңілдікті және жалға берілетін бағдарламалар мен жаңа тұрғын үй бағдарламалары («Отау», «Наурыз») шеңберінде 54,2 мың отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсартуы тиіс.

Инфляция мәселесіне ерекше назар аударылды. 90 түрлі шараны іске асырудың нәтижесінде көрсеткіштер 2023 жылғы маусым айындағы 14,6%-дан ағымдағы 8,4%-ға дейін төмендеді. Бұл ретте азық-түлік тауарлары бойынша инфляция 5,4%, ал өзге тауарлар бойынша 7,4% құрады. Жалпы, биыл нысаналы дәліз 6-8% көлемінде. Импорттық тауарларды алмастыру бойынша инвестициялық жобалар белсенді түрде іске асырылып жатыр, баға белгілеуді бақылау, монополияға қарсы және сыртқы сауданы реттеу жұмыстары жалғасуда.

Инвестициялар ағыны да ел экономикасының өсуіне әсер етеді. Бұл бағытта ақпарат және байланыс, көлік, білім беру және өңдеу өнеркәсібі салалары оң динамика көрсетуде. Жарты жыл ішінде жалпы сомасы 151 млрд теңгеге 18 жоба іске қосылды, оның 122,7 млрд теңгесі – шетелдік қатысуы бар үлес. Инвестициялық штабтың жүйелі жұмысы аясында шамамен $30 млрд сомасына 65 инвестициялық жоба бойынша проблемалық мәселелер шешілді, сондай-ақ заңнамаға 57 өзгеріс әзірленді, оның ішінде бүгінде 26 бұйрық қабылданды.

Бұған қоса, ТКШ-ны жаңғырту, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жұмыс қарқыны қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша экономиканың барлық саласында жоспарланған көрсеткіштерден төмен емес деңгейде өсімді қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді. Экономикадағы өсімді қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтар жұмыс істейді. Оларға әкімнің әрбір көрсеткіш бойынша жауапты орынбасарлары бекітілген.

  • 22.08.2024
  • 144
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика