- Блогтар
- Сәденов Е.С.
Сәденов Е.С.
ҚР Ішкі істер министрі
Азаматтарды көшпелі қабылдауды Алматы облысының полицейлері өткізді
Азаматтарды көшпелі қабылдауды Алматы облысының полицейлері өткізді
Ішкі істер органдарының басты міндеті-азаматтардың барлық сындарлы сұраныстарына жедел және тиімді жауап беретін "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру. Оны іске асыру мақсатында Алматы облысы полиция департаментінің басшылығы азаматтарды тұрақты түрде көшпелі қабылдаулар өткізеді. Бұл жолы облыстық ведомство бастығы Бауыржан Аленовтың Іле ауданының тұрғындарымен сындарлы диалогы өтті.
Кездесу барысында әртүрлі қылмыстық істерге қатысты мәселелер, сондай-ақ тұрғындарды толғандыратын басқа да өзекті мәселелер қаралды.
Айта кетейік, облыстық департамент басшылығы азаматтарды осындай көшпелі қабылдаулар айына кемінде бір рет тұрақты негізде өткізіледі.
- 23.08.2024
- 101