• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
KazAtomExpo-2024: атом саласының әлемдік көшбасшылары Астанада бас қосты

Бүгін Астанада ядролық технологиялар мен атом энергетикасына арналған KazAtomExpo халықаралық көрмесі ашылды. Іс шара аясында қатысушыларға Қазақстанның атом энергетикасы мен ғылым саласындағы жетістіктері, сондай-ақ еліміздің осы саладағы мүмкіндіктері таныстырылды. Көрме сондай-ақ атом саласына мамандар дайындайтын Қазақстанның жетекші университеттерінің ғылыми және кадрлық әлеуетін көрсетті.

KazAtomExpo-2024 көрмесінің ерекшелігі Қазақстанда атом электр станциясын салуға арналған технологияларды жеткізушілер ретінде қарастырылатын әлемдік жетекші компаниялардың қатысуы болды. Олардың қатарында «Қытай ұлттық ядролық корпорациясы» (CNNC), «Кореяның су және ядролық энергетикалық корпорациясы» (KHNP), «Électricité de France» (EDF), сондай-ақ ресейлік «Росатом» мемлекеттік корпорациясы бар. Бұл компаниялар өздерінің инновациялық әзірлемелерімен таныстырып, тәжірибелерімен және атом энергетикасын дамыту жоспарларымен бөлісті.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев «ҚазАтомЭкспо» көрмесінің еліміздің атом энергетикасын дамытудағы маңыздылығын атап өтті. Ол атом энергетикасы Қазақстан үшін негізгі қуат көзіне айналып, энергетикалық жүйенің тұрақты дамуына ықпал ете алатынын атап өтті. Министр сондай-ақ, атом энергиясын пайдалану кезінде экологиялық аспектілердің маңыздылығына тоқталып, атом электр станциясын салу бойынша жоспарланған республикалық референдумды еске салды.

«Ең маңызды міндет – жалпы ұлттық референдум өткізу. Біз әрбір азаматқа өз пікірін білдіріп, энергетикалық жүйеміздің болашақ даму жолын анықтауға мүмкіндік бергіміз келеді. Бұл референдум Қазақстанның атом энергетикасының болашағын айқындаудағы маңызды қадам болмақ», - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Сондай-ақ министр халықаралық және отандық серіктестерге көрмеге қатысқандары үшін алғысын білдірді. «Біз бүгін қатысушыларымызға Қазақстанға келіп, қазақстандықтардың атом энергетикасы туралы сұрақтарына жауап беруге келіскендері үшін алғыс айтамыз. Олардың қатысуы мен маңызды мәселелерді талқылауға дайындығы біздің еліміз үшін ашылып жатқан мүмкіндіктерді тереңірек түсінуге және бағалауға ықпал етеді», - деп қосты министр.

Алмасадам Сәтқалиев сондай-ақ: «Бүгінде біздің еліміз төмен көміртегін дамыту және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін бірқатар стратегиялық құжаттарды қабылдады. Бұл құжаттарда баламалы және жасыл энергия технологияларына инвестицияны ұлғайту, көмір өндіру үлесін кезең-кезеңмен қысқарту және 2060 жылға қарай жаңартылатын энергия көздері мен баламалы энергия үлесін арттыру қажеттігі туралы айтылады».

Министр Қазақстанның алдында атом өнеркәсібінің болашағына және еліміздің бүкіл энергетикалық жүйесінің тұрақты дамуына елеулі әсер ететін таңдау алдында тұрғанын атап өтті. «Бұл таңдаулар болашақта энергетикалық қауіпсіздік пен тұрақты энергия өндіруді қалай қамтамасыз ететінімізді анықтайды. Әрбір қадам ғылыми деректерге, халықаралық тәжірибеге және тұрақты даму қағидаттарына негізделгені маңызды», - деп түйіндеді министр.

Көрменің маңызды оқиғаларының бірі пленарлық отырыс болды, онда қатысушы компаниялардың делегацияларының басшылары сөз сөйледі. Кездесу барысында атом саласының жай-күйі мен Қазақстанда атом электр стансасын салу перспективалары, сондай-ақ атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

  • 27.08.2024
  • 103
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

Саткалиев А.М.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика