• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
KazAtomExpo: Бейбіт атом және экология: Қазақстан болашаққа қалай дайындалуда

Астана, 28 тамыз - KazAtomExpo Халықаралық ядролық технологиялар көрмесі аясында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және оның Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі мәселелеріне арналған пленарлық сессия өтті. Талқылауға саланың жетекші сарапшылары, Ұлттық ядролық орталық, Ядролық физика институты, Ядролық технологиялар паркі және «Байтақ» жасылдар партиясы сияқты негізгі ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Көрменің екінші күнін ашқан Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры Ғұмар Серғазин қатысушыларға отандық энергетиканың болашағына саналы көзқарасын қалыптастыруда жаһандық жеткізушілердің озық технологияларымен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.

«Бұл көрменің Қазақстан үшін маңызы ерекше. Біз тек технологиялық жетістіктерді көрсетіп қана қоймаймыз, сонымен қатар болашақтың қиындықтарын жеңуге көмектесетін білім мен идеялармен бөлісеміз. Таза энергияны дамыту және енгізу әлем климатын өзгеруінің жаһандық қаупіне тиімді қарсы тұруын қамтамасыз етудің кілті болып табылады», - деді Ғ.Сергазин.

Сессияға қатысушылар ядролық технологиялардың қауіпсіздігіне, атом энергетикасының экологиялық тұрақтылығына және оның орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесіне қатысты көптеген мәселелерді талқылады. Басты назар келесі тақырыптарға аударылды:

- Ядролық технологиялардың қауіпсіздігі: сарапшылар ядролық объектілердегі заманауи қауіпсіздік жүйелерін, халықаралық стандарттар мен Қазақстанның ядролық қауіпсіздік саласындағы тәжірибесін қарастырды.

- Атом энергетикасының экологиялық тұрақтылығы: қатысушылар радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, ядролық қондырғыларды залалсыздандыру және пайдаланудан шығару мәселелерін талқылады.

- Көміртегі бейтараптығына қол жеткізудегі атом энергетикасының рөлі: төмен көміртекті энергия көзі ретінде атом энергетикасын дамыту перспективалары және оның Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесі талқыланды.

«Ұлттық ядролық орталығы» РМК Бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары Владимир Витюк орталықтың Қазақстанның ядролық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты рөлін атап өтті: «Біз өз технологияларымызды жетілдіру және ядролық отын циклінің барлық кезеңдерінде қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз».

Ядролық физика институтының басшысы Саябек Сахиев ядролық технологиялар саласындағы ұлттық тәуелсіздікті нығайту үшін институттың ғылыми-зерттеу және өндірістік қызметінің маңыздылығын атап өтті: «Ядролық физика институты Атом энергетикасы және өнеркәсіп саласында белсенді зерттеулер жүргізуде. Біз атом энергетикасын одан да қауіпсіз және тиімді етуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялар мен материалдарды әзірлеп жатырмыз».

«Байтақ» жасылдар партиясы аппарат басшысының атынан Бекберген Керей жоғары қауіпсіздік стандарттары сақталған жағдайда атом энергетикасын дамытуға қолдау білдірді: «Біз атом энергетикасы болашақтың жасыл энергетикасының маңызды элементі бола алады деп санаймыз».

Сарапшылар сонымен қатар көмір немесе газ станцияларымен салыстырғанда отынды айтарлықтай аз тұтыну арқылы атом энергиясы көміртегі бейтараптығына қол жеткізуде шешуші рөл атқара алатынын атап өтті. Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясының (UNECE) мәліметтері бойынша, атом энергетикасы барлық энергия көздерінің арасында парниктік газдар шығарындыларының ең төмен деңгейіне ие. Бұл оны жыл сайын жүздеген миллион тонна СО2 шығарудың алдын алу мүмкіндігімен жаһандық жылынуға қарсы күресте маңызды құрал етеді.

Естеріңізге сала кетейік, 27 тамызда Үкімет Қазақстанда атом электр станцияларын салу бойынша республикалық референдум өткізу туралы қаулы қабылдаған болатын.

  • 28.08.2024
  • 100
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

Саткалиев А.М.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика