- Блогтар
- Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.
Ақтөбе облысының әкімі
Оңдасын Оразалин: Пандемия денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызды сынақ болды
Бүгін, 10 ақпан күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің тұрғындармен есептік кездесуі өтті. Есеп беру кезінде өңірдің 2020 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижесі баяндалып, биылғы жылдың міндеттері белгіленді. Шектеу шараларына байланысты кездесу онлайн түрде өтті. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин тұрғындармен есептік кездесуі кезінде коронавирус инфекциясымен күресте алдыңғы қатарда жүрген ақтөбелік медицина қызметкерлеріне алғыс айтты. Өңір басшысы COVID-19-бен күресуге 20 мыңдай жұмысшы тартылғанын атап өтті. Оларға 3,5 млрд. теңге төленді. 375 маман мен олардың жанұяларына шамамен 850 млн. теңгеге біржолғы әлеуметтік төлем төленді.
«Пандемия денсаулық сақтау жүйесі мен дәрігерлер үшін маңызды сынақ болды. Ең қиын жағдайларда олар өздерінің кәсіби шеберліктерін іс жүзінде дәлелдеді. Біз мұны ұмытпауымыз керек. Инфекциямен күресуге және эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтауға шамамен 65 млрд теңге бөлінді. Соның ішінде, медициналық техника мен жабдықтар сатып алуға 3,4 млрд. теңге, дәрілік заттар, жеке қорғаныс заттарын және өкпені жасанды желдететін аппараттар сатып алуға 1,3 млрд. теңге бөлінді»,-деді облыс әкімі.
- 12.02.2021
- 219