- Блогтар
- Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.
Ақтөбе облысының әкімі
2021 жылы Ақтөбе облысында елді мекендерді газдандыру бойынша бес ірі жоба жүзеге асырылады
Бүгін, 10 ақпан күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің тұрғындармен есептік кездесуі өтті. Есеп беру кезінде өңірдің 2020 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижесі баяндалып, биылғы жылдың міндеттері белгіленді. Шектеу шараларына байланысты кездесу онлайн түрде өтті. Өңір басшысы халықтың тұрмыс сапасын көтеру, атап айтқанда сумен, газбен және жарықпен жабдықтау мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Өткен жылы орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету бойынша 12 жоба іске асырылды
«Ақтөбе қаласында су тапшылығын болдырмау жұмыстары жалғасуда: Електің бастоғанын кеңейту жұмыстары жүргізіліп, Құндақтықырдың бастоғанын қалпына келтіру басталды, осы жылы Сарыбұлақ және Моисеев кен орындарындағы жерасты суларын іздеу-барлау жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Аталған жобаларды іске асыру Ақтөбе қаласына тәулігіне 126,5 мың текше метр суды қосымша жеткізуге және облыс орталығын тағы 40 жыл бойы тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2021 жылы 5,8 мың адам тұратын тағы он ауыл сумен қамтамасыз етілмек. Жалпы, халықты сумен қамту 96,9%-ға дейін өсетін болады»,- деді облыс әкімі.
- 12.02.2021
- 198