• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрдәулет Қилыбай Таушық ауылының жай-күйімен танысты

20 тамыз күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ауылдардың тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында Түпқараған ауданына қарасты Таушық ауылына барды. Бірқатар әлеуметтік нысандырды аралап, ауыл ақсақалдарымен кездесті.

Алдымен өңір басшысы Таушық ауылынан 3 шақырым қашықтықта орналасқан «Төрорпа» жеріндегі су айдау ұңғымасының жұмысымен танысты. Ұңғыма 2022 жылы
демеушілердің көмегімен қазылған. Бүгінде жер асты су айдау насосы арқылы тұрғын үйлерге үздіксіз су беріліп отыр. Ауыл тұрғындары 100 пайыз ауыз сумен қамтылған .

Бұдан соң облыс әкімі бастаған жұмыс тобы Әбіш Кекілбайұлы білім алған Шахта мектебіне барып, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарымен танысты. Білім ордасы білім сапасын көтеруді көздейтін «Отпан» жобасы аясында орташа жөндеуден өткен. Мектеп жаңа оқу жылына дайын. Алдағы жылдары толыққанды жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Нұрдәулет Игілікұлы Таушықтағы 10 төсектік ауылдық амбулаториясына және спорт кешеніне де барды. Қазіргі таңда спорт кешенде шағын футбол алаңы, баскетбол, волейбол алаңдары мен күрес залы орналасқан, 2 ші қабатта садақ ату, кикбоксинг және бокс залдары жасақталған. Балалардың оқу-жаттығу сабақтарын өткізуге толықтай жағдай жасалған.
Ауылдағы әлеуметтік нысандарды аралаған Нұрдәулет Қилыбай білім беру, денсаулық сақтау саласында кезек күттірмейтін мәселелерді жүйелі түрде шешу керектігін айтты.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай біз өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бағындағы жұмысымызды жалғастыратын боламыз. Ауылға қажетті жедел-жәрдем көлігі кезек күттірмейтін мәселе. Шұғыл назарға алыңыздар. Шахта мектебінің аумағына спорт алаңын салу және мектепке күрделі жөндеудің жобалау-сметалық құжаттамасын жеделдетіп дайындау керек, -деді Нұрдәулет Қилыбай.

Облыс әкімінің Түпқараған ауданына жұмыс сапары ауыл ақсақалдарымен кездесумен жалғасты. Жиында ауыл үлкендері елдік мәселелерді талқылап, ұсыныстарын білдірді. Ел игілігі жолында қызмет атқарып жүрген азаматтарға сәттілік тілеп, батасын берді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 02.09.2024
  • 80
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика