• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрдәулет Қилыбай паралимпиада федерациясының құрметті президенті болып тағайындалды

20 тамызда спорт саласының мамандары қатысқан аппараттық жиында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған федерацияның басшысы Нұралы Құлышев жылдар бойы шешілмей келе жатқан бірқатар мәселелерін көтеріп, облыс әкіміне жан айқайын жеткізді. Мәселенің көптігінен азаматтардың федерация басшысы болудан бас тартатынын айтқан еді.

Ардагер спортшының жан айқайын естіген аймақ басшысы өзін немесе орынбасарларының бірін федерация президенті болуға таңдап алуды ұсынды.

Сол ұсыныс негізінде бүгін, өңірдегі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған федерацияның басшысы Нұралы Құлышев облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайға паралимпиада федерациясының құрметті президенті болуға ұсыныс жасады. Өз кезегінде аймақ басшысы жауапты әрі сауапты істі қолдайтынын айтып, ұсынысты қабылдады.

Жиында Федерация Президиумының шешімімен Нұрдәулет Қилыбай облыстық паралимпиада федерациясының құрметті президенті болып тағайындалды.

- Мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен айналысуына жағдай жасалу қажет. Іргетасы сонау 1992 жылы қаланған федерациядан көптеген спортшыларымыз шықты, жақсы нәтиже көрсетті. Біз паралимпиадалық спорт түрлерін одан әрі дамыту үшін қажетті жағдайды жасауымыз керек. Спорт барлық азаматымыз үшін бірдей қолжетімді болуға тиіс. Мен мұндай жауапты, сауапты істі қолдаймын, - деді облыс әкімі.

Айта кетсек, бүгін Парижде 2024 жылғы жазғы паралимпиада ойындары басталды. Париждегі XVII Жазғы Паралимпиадада волейболды отырып ойнаудан маңғыстаулық Ерболат Алтаев және оның жаттықтырушысы Құралбек Сейдов Қазақстанның Ұлттық құрамасында өнер көрсетеді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 02.09.2024
  • 95
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика