- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Құрметті жерлестер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мерекесі - Конституция күнімен құттықтаймын!
Конституция күні – еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің негізгі Ата Заңы қабылданды. Бұл Қазақстан азаматтары үшін республика дамуының жаңа беттерінің басталуын білдіретін, ерекше оқиға болды.
Конституция, жалпы тарихы тағдырмен байланысқан Қазақстан халқының бірлігін нығайта түсті.
Конституцияның өзекті ережелеріне сүйене отырып, ел тағдыры үшін өмірлік маңызы бар жаңарулар жүргізілді, нарықтық тұрақты экономика құрылды. Біз демократиялық қоғамның негізін қаладық. Қазақстан дүние жүзілік аренаға танымал болды және әлемдік экономикалық жүйеде лайықты өз орнын алды.
Қадірлі жерлестер!
«Бағалай білмегенге бақ қонбайды, Қуана білмегенге құт қонбайды» - деп заманымыздың заңғары, абыз Әбіш ағамыз айтқандай, барымызды бағалап, егемен еліміздің бірлігі мен ынтымағы үшін жасап жүрген игі ісіміз берекелі болғай!
Сіздерге зор денсаулық, бейбіт өмір, жақсылық және табыс тілеймін!
Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.
- 02.09.2024
- 44