• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрдәулет Қилыбай: Мектеп салуға жауапкершілікті алдыңыздар ма, уақытында тапсырыңыздар

Бүгін, 9 қыркүйек күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен аппараттық жиында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының орындалу барысы талқыланды.

Жиынға құрылыс жұмыстарын жүргізуге конкурсты жеңіп алған мердігер мекемелердің басшылары да қатысты.

Маңғыстауда жоба аясында 2023-2025 жылдарға арналған 22 000 орындық 21 жаңа мектептің құрылысы жоспарланған. Биыл өңірде 12 600 оқушыға арналған 13 мектептің құрылысы жүргізілуде.

Аппараттық кеңесте облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Айдос Хамиев мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстары мен сыртқы инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымның жай-күйі туралы баяндады.

- Биыл қазан айына дейін 2 400 орындық 2 мектеп, желтоқсанға дейін 10 200 орындық 10 мектеп, ал 2025 жылға 1 500 орындық 1 мектеп өтпелі кезеңмен іске қосылады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда Ақтау, Жаңаөзен қалаларында және Мұнайлы, Бейнеу, Маңғыстау аудандарында құрылыс нысандары жүргізіліп жатыр. Жобалар бойынша сыртқы инженерлік желілер, жаяу жүргіншілер жолдары мен автокөлік жолдарына қатысты жұмыстар орындалуда және кейбір жобалар бойынша сараптама қорытындысы күтілуде, - деді Айдос Хамиев.

Ал, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай мемлекет тарапынан мектеп құрылысына қажетті барлық жағдайдың жасалғанын алға тартып, мердігер мекеме басшыларына құрылыс мерзімдерінің сақталуын тапсырды.

- Жауапкершілікті алдыңыздар ма уақытында тарсырыңыздар. Қажет болса жұмыс күшін қосыңыздар. Кейбір аудандарда балалар қазіргі оқып жатқан мектептен тым алыс тұрады. Халық бұл мектептерді күтіп отыр. Біздің алдымызда тұрған ең басты міндет – мектептердің сапалы және уақытылы аяқталуы. Мердігерлерден жауапкершілікті күшейтіп, жұмыстың кестеден қалмауын талап етемін, - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Айта кетейік, 2025 жылы тағы 9 400 орындық 8 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

  • 10.09.2024
  • 89
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика