• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда «Салауатты сана» кеңесінің отырысы өтті

12 қыркүйекте Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен 
Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Мәдениетті ана –мәдениетті ұлт» жобасы аясында әзірленген «Салауатты сана» кеңесінің алғашқы отырысы өтті.
Кеңеске Қазақстан Республикасы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі, Қазақстан халқы АссамблеясыАналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаи қатысты.

Жиында бүгінгі қоғамның дертіне айналған нашақорлық, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық тақырыбында баяндамалар оқылып, әлеуметтік кеселдермен күресу жолдары талқыланды.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Бес әлеуметтік кеселге» қатысты айтқан тапсырмаларының маңыздылығына тоқталып, оны қоғам болып жоюға шақырды.

-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайда «Біз бес кеселмен бүкіл ел болып күресіп, біржола тосқауыл қоюымыз керек» деді. Шынында да, нашақорлық, құмар ойындар, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық секілді әлеуметтік кеселдер қоғамда белең алып тұр. Мәселен, БҰҰ-ның есірткі туралы бүкіләлемдік баяндамасына сәйкес, өткен жылдары Қазақстан тыйым салынған заттарды тұтыну бойынша әлемнің алғашқы ондығына кірді. Бұл – өте өкінішті жағдай. Бұған қоса, вандализм – қоғамдағы тағы бір күрделі мәселе. Маңғыстау өңіріндегі ескерткіштерді қараңыздаршы. Ең жауһар жерлеріміздің сұлулығы шимайлармен зақымдалуда. Жоғарыда аталған кеселдерден арылу үшін алдымен аға буын өкілдері өзімізден бастауымыз керек. Үлкендер моральдік вандализмді қоймаса, жастар материалдық вандализмді қоймайды. Сондықтан жастарға дұрыс бағыт бағдар беретін біздер, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Кеңес қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға салауатты өмір салтын насихаттау, есірткіге қарсы күрес және жастарды дұрыс тәрбиелеу бағытында шаралар қабылдау тапсырылды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 12.09.2024
  • 98
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика