- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
БИЫЛ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ АРТАДЫ
Биыл өңірде ауызсумен қамту бойынша 3 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімі С.Трұмов халықпен онлайн кездесуінде мәлімдеді. Нәтижесінде сумен қамту көрсеткіші 92%-дан 96,2%-ға жетеді. (Бейнеу ауданы Ақжігіт және Маңғыстау ауданы Басқұдық, Бекі, Мұнайлы ауданы Басқұдық елді мекендері).
Қазіргі таңда «Каспий» су тұщыту зауыты қуаттылығын тәулігіне 40 мың текше метрге дейін жеткізудің 2-ші кезең жұмыстары басталды.
«ҚазМұнайГаз» АҚ Қаражанбас кенорнында қуаты тәулігіне 17 мың текше метр су тұщыту зауытының құрылысын салу жобасы іске асырылуда.
Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласын толықтай сумен қамтамасыз ету үшін «ҚазМұнайГаз» компаниясының Кендірлі курорттық аймағында қуаты тәулігіне 50 мың текше метр су тұщыту зауытын салу жоспарланып отыр.
- 12.02.2021
- 211