- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстаулықтар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді қатысуды жалғастыруда
«Маңғыстауда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасын табуда. Акцияны қолдау шеңберінде, «Dunga Operating GmbH» компаниясының ұжымы Түпқараған ауданындағы Каспий теңізі жағалауында сенбілікке жиналды», деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
«Dunga» командасы үшін мұндай іс-шаралар планетамыздың болашағына үлес қосу, жауапкершілік пен табиғатқа қамқорлық көрсету үшін ұжымды біріктіретін жақсы дәстүрге айналған. Әрбір қызметкер үлкен істің бір бөлігі болып табылады және олар бірлесе отырып қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосуда. Жоғары мақсат үшін бірлесіп жұмыс істеу корпоративтік рухты нығайтып, әрқайсысына өзін көрсетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, тарихи-мәдени ескерткіштердің аумақтары да абаттандырылуда. Соның бірі, Бейнеу ауданындағы Есет елді мекенінен 7 шақырымда орналасқан - «Қыз әулие» қорымының аумағында сенбілік өткізілді. Акцияға Есет ауылы әкімі аппаратының қызметкерлері, тұрғындары және мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.
- Қазіргі таңда «Таза Қазақстан» акциясы аясында барлық өңірлерде сенбілік жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта «Қыз әулие» қорымында сенбілік жұмыстарын жүргізудеміз. Өңір тазалығы - баршаға ортақ іс. Сондықтан, маңғыстаулықтарды осы игі іске белсене атсалысуға шақырамын, - деді Бейнеу ауданының белсенді жасы Жолышев Тұралы.
Өңірде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы іс-шаралар өз жалғасын табады. Жақын күндері, яғни 14 қыркүйекте бірнеше эко-акциялар ұйымдастырылады. Атап айтқанда:
- «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымының ұйымдастыруымен «Таза жағалау – тірі Каспий!» эко-квесті өткізіледі. Қызықты эко-квест 80-нен астам қатысушыны және қоршаған ортаның тазалығына үлес қосуға дайын белсенді және бей-жай қарамайтын жастардың 5 командасын жинайды. Эко квестте жағалау сызығын тазалау, қалдықтарды сұрыптау және суды ұтымды пайдалану және оны үнемдеудің маңыздылығы туралы мәліметтер айтылады.
- «Біз адамдар – біз біргеміз» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Эко-сенбілік: Таза қала сенен басталады!» атауымен сенбілік өткізіледі.
- 13.09.2024
- 45