• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстаулықтар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді қатысуды жалғастыруда

«Маңғыстауда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасын табуда. Акцияны қолдау шеңберінде, «Dunga Operating GmbH» компаниясының ұжымы Түпқараған ауданындағы Каспий теңізі жағалауында сенбілікке жиналды», деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

         «Dunga» командасы үшін мұндай іс-шаралар планетамыздың болашағына үлес қосу, жауапкершілік пен табиғатқа қамқорлық көрсету үшін ұжымды біріктіретін жақсы дәстүрге айналған. Әрбір қызметкер үлкен істің бір бөлігі болып табылады және олар бірлесе отырып қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосуда. Жоғары мақсат үшін бірлесіп жұмыс істеу корпоративтік рухты нығайтып, әрқайсысына өзін көрсетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, тарихи-мәдени ескерткіштердің аумақтары да  абаттандырылуда. Соның бірі, Бейнеу ауданындағы Есет елді мекенінен  7 шақырымда орналасқан - «Қыз әулие» қорымының аумағында сенбілік өткізілді. Акцияға Есет ауылы әкімі аппаратының қызметкерлері, тұрғындары және мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.

         - Қазіргі таңда «Таза Қазақстан» акциясы аясында барлық өңірлерде сенбілік жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта «Қыз әулие» қорымында сенбілік жұмыстарын жүргізудеміз. Өңір тазалығы - баршаға ортақ іс. Сондықтан, маңғыстаулықтарды осы игі іске белсене атсалысуға шақырамын, - деді Бейнеу ауданының белсенді жасы Жолышев Тұралы.

         Өңірде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы іс-шаралар өз жалғасын табады. Жақын күндері, яғни 14 қыркүйекте бірнеше эко-акциялар ұйымдастырылады. Атап айтқанда:

  • «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымының ұйымдастыруымен «Таза жағалау – тірі Каспий!» эко-квесті өткізіледі. Қызықты эко-квест 80-нен астам қатысушыны және қоршаған ортаның тазалығына үлес қосуға дайын белсенді және бей-жай қарамайтын жастардың 5 командасын жинайды. Эко квестте жағалау сызығын тазалау, қалдықтарды сұрыптау және суды ұтымды пайдалану және оны үнемдеудің маңыздылығы туралы мәліметтер айтылады.
  • «Біз адамдар – біз біргеміз» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Эко-сенбілік: Таза қала сенен басталады!» атауымен сенбілік өткізіледі.

  • 16.09.2024
  • 101
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика