• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәденов Е.С.
Сәденов Е.С.

ҚР Ішкі істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жүргізушілерге жеке куәлікпен жүру жеткілікті

Бүгін, 13 ақпанда, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді.

Автоәуесқойларға өздерімен бірге жүргізуші мен көлік құралын тіркеу куәліктерін алып жүрмеуге болады. Осы құжаттардың жоқтығы үшін азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Жүргізушілер өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын алып жүруі тиіс.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев атап өткендей, "жүргізушілердің өзімен бірге бұл құжаттарды алып жүру және жүргізуші құжаттарын көрсету міндетін алып тастау – бұл заманауи технологиялық "сервистік" полицияны дамытуға бағытталған тағы бір қадам".

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері автомобильдің тиесілігін ақпараттық жүйелер арқылы тексереді. Қызметтік планшеттерде "әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі" бағдарламасы орнатылған, онда жүргізуші мен автокөлік туралы барлық деректер: автокөлік құралы кімге тиесілі екені, қандай құқық бұзушылықтар тіркелгені, техникалық байқаудан өткен-өтпегені және сақтандыру полисі ресімделгені туралы деректер болады. Бүгінде патрульдік полицияның саптық бөлімшелерінде осындай 8 649 планшет бар.

Жеке басты куәландыратын құжаттарға Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі жатады. Студенттік билет, қызметтік куәлік бұл тізімге кірмейді.

Бұдан басқа, қабылданған түзетулердің шетелдік нөмірлері бар автомашиналарға, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлерде жүргізу құқығына куәлік алған жүргізушілерге қатысы жоқ. Олар жүргізу кезінде жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу куәлігін көрсетуге міндетті.

ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев: "Мемлекет көлікті басқаруды айтарлықтай жеңілдетті, бірақ жүргізушілер жол қозғалысының басқа қатысушыларының қауіпсіздігі үшін өз жауапкершілігін есте сақтағаны абзал",-деп атап өтті.

  • 13.02.2021
  • 289
Сәденов Е.С.

ҚР Ішкі істер министрі

Сәденов Е.С.
(Мұрағат)

ҚР Ішкі істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика