• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысының әкімі Грек Республикасының делегациясымен кездесті

Бүгін, 23 қыркүйекте Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Грекияның Пирей қаласының вице мэрі Яннис Моралис бастаған делегациямен кездесті.

Кездесу барысында тараптар қос өңір арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту, сондай-ақ туризмді дамыту мәселелерін талқылады. 

Вице мэр Яннис Моралис Грекия мен Қазақстан арасындағы достық қатынастарды тереңдетудің қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ Ақтау және Құрық порттары арқылы өтетін Транскаспий маршруттарына қызығушылық танытатындарын білдірді. 

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау өңірінің туристік әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтып, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған барлық бастамаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.

- Біз Грекиямен қарым-қатынасты дамытуға және жаңа жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз. Бұл біздің өңіріміздің экономикалық дамуына және екі ел арасындағы достықты нығайтуға елеулі үлес қосады. Теңіз порттарының дамуы сауда қатынастарымызды одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді, - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Айта кетейік, Грек Республикасы Маңғыстау облысының сыртқы сауда қатынастарында маңызды рөл атқарады. 2024 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша облыстың Грек Республикасымен сыртқы сауда айналымы 178 мың АҚШ долларын құрады. Экспорт 2,6 мың АҚШ долларын, импорт 175,5 мың АҚШ долларын құрады. Экспорт құрылымына жәрмеңке аттракциондары, ал импорт құрылымына мотор майлары, таза спирт, машина жабдықтары мен көлік құралдары кіреді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 23.09.2024
  • 93
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика