- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Нұрдәулет Қилыбай Қытай инвесторларымен аквашаруашылығын дамыту мәселелерін талқылады
23 қыркүйекте Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Қытай Халық Республикасынан келген балық шаруашылығы инвесторларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Маңғыстау өңірінде балық өсіру шаруашылығының даму перспективалары мен әлеуетті жобалар талқыланды.
Қытай инвесторлары Маңғыстауда аквашаруашылығын дамытуға ниетті екендіктерін айтып, ұсыныстарын білдірді.
Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай
аймақтағы іскерлік климатты жетілдіруге аса зор көңіл бөліп отырғанын және жаңа инвестициялық бастамаларға ашық екенін атап өтті.
- Өңірдің кешенді даму жоспарында инвесторлар тарту, оларға қолайлы жағдай жасау көзделген. Осы орайда Маңғыстаудың экономикасына табыс әкелетін, жаңа жұмыс орындарын ашатын инвесторлармен байланыс орнатуға дайынбыз, деді Нұрдәулет Қилыбай.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
- 24.09.2024
- 42