• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты

Премьер-Министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында қойылған міндеттер шеңберінде Жаңаөзен моноқаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты. Атап айтқанда, инфрақұрылымды жаңғырту, білім беру сапасын арттыру, халықты жұмыспен қамту және басқа да маңызды бағыттардың қарқыны тексерілді.

Үкімет басшысы жаңа өндірістерді ашуға баса назар аудара отырып, моноқала экономикасын әртараптандыру жоспарымен танысты. Жаңаөзенде 150 мыңнан астам адам тұрады. Болжам бойынша, 2035 жылға қарай халық саны 200 мың тұрғыннан асады. Күтілетін өсімді ескере отырып, қала тұрғындарын жұмыспен қамтуды, оның ішінде халықтың бизнес-бастамаларын қолдау жөніндегі шараларды күшейту арқылы қамтамасыз етудің маңызы атап өтілді.

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударылды. Олжас Бектеновке Жаңаөзен мен оған іргелес жатқан ауылдық елді мекендердің орталықтандырылған сумен, тұрмысқа қажетті газбен және электр энергиясымен 100% қамтамасыз етілгені баяндады. Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ететін су тазарту құрылысын жаңғырту – моноқаланың тіршілігін қамтамасыз етудегі маңызды жоба саналады. Нысанның қуатын арттыру үшін 2025 жылы 30 мың м3 көлемінде су қорларын жинақтау үшін резервуарлар салу жоспарлануда.

Моноқаланың өнеркәсібін дамыту және жаңа өндірістерді іске қосу электр энергиясының қосымша көлемін талап етеді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен итальялық ENI компаниясының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін жабу үшін жалпы қуаты 247 МВт гибридті электр стансасын салу бойынша инвестициялық жоба басталды. Жоба ЖЭК бірлескен генерациясын (күн және жел энергетикасы) пайдалануды және газ электр стансасын салуды көздейді.

Олжас Бектенов тұрғындарға қолжетімді әрі сапалы білім беру бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты. Мәселен, Жаңаөзенде «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында жыл соңына дейін 1,2 мың орындық заманауи мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Келесі жылы тағы екі жайлы мектептің құрылысы көзделген. Сонымен қатар балалар мен жастарды жан-жақты дамыту үшін 350 орындық Bolashaq Sarayi Оқушылар сарайының құрылысы басталды. «Өзенмұнайгаз» компаниясы іске асыратын жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын мысалы саналады. Оқушылар сарайын келесі жылы қала тұрғындарының пайдалануына беру жоспарланып отыр.

Үкімет басшысына қаладағы жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы барысы туралы баяндалды. Жобаны іске қосу халықтың қосымша газ көлеміне деген қажеттілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, ең бастысы – өнеркәсіптің одан әрі дамуына және қосылған құны жоғары мұнай-химия өнімдерін жасауға серпін береді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты 900 млрд м3 ілеспе мұнай және табиғи газ қоспасын, сондай-ақ жылына 5 мың тонна газ конденсатын құрайды. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың қараша айында басталды, екі іске қосу кешенін толық аяқтау 2027 жылдың басына жоспарланған.

Премьер-Министр газ өңдеу кәсіпорнының құрылысы өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін кең ауқымда мультипликативті әсер беретінін атап өтті.

«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында моноқалалар экономикасын әртараптандыруды қамтамасыз ету міндетін қойды. Адамдардың әлеуметтік әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше назар аудару қажет. Жаңаөзенді Қазақстанның ірі моноқалаларының бірі ретінде жан-жақты дамытуға қолдау көрсету өте маңызды. Барлық әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету қажет. Инвестициялар тартып, жұмыс орындарын ашу керек. Жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы да ерекше бақылауда. Президент бізге үш газ өңдеу зауытын мерзімінде салуды тапсырған болатын. Бұлар – Қашаған, Қарашығанақ және Жаңаөзен зауыттары. Барлығының сапасы жоғары деңгейде болуы керек. Біз оны қадағалаймыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

  • 25.09.2024
  • 78
Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика